ДИКТОР: Ұлттық Банк банкноттардың жаңа сериясын кезең-кезеңімен шығара бастады. Жаңа үлгі "сақ стилі" элементтеріне негізделген және Қазақстанның мұрасын көрсетеді. Шығарылым теңгені қорғау дәрежесін арттыруға және елдің мәдени құндылықтары мен тарихын дәріптеуге бағытталған.

РСК: Былтыр желтоқсанда және биыл маусым айында "сақ стилі" деген атаумен жаңа серияның номиналы 5000 және 10000 теңгелік банкноттар айналымға шығарылды. Контрафактілерді азайту мақсатында қорғаудың жаңа дәрежелері енгізілді.

СНХ: ДАНИЯР АХМЕТЖАНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ АҚМОЛА ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: "Сақ стиліндегі"жаңа банкноттардың үлгілерін ұсынамыз. Номиналы 5000 теңге қорғаныс элементтері "Алтын энтаглио" Қазақстан Республикасының елтаңбасы алтын түсті металл бояумен жоғары бедерлі қабатта басылған. Көру қабілеті нашар адамдарға арналған белгі, екі түсті қорғаныс жібі, патч, барыс артифактінің көлемді бейнесі, банкнотты аударған кезде тау шыңының және номиналды цифрлық кескінінің ою-өрнекке ауысу әсері және сәулелердің жан-жаққа шашыраған динамикалық әсері пайда болады. 00.41

ИНФОГРАФИКАҒА АРНАЛҒАН ТЕКСТ: Жаңа үлгіде «Сақ стилінде» шыққан екінші банкнота – 10 мың теңге. Мамандар ескі үлгідегі ақшалар біртіндеп айналымнан алынатынын айтып отыр. Осылайша, 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңге – 2024 жылдың 24 желтоқсанына дейін қатар айналымда болады. 2012 жылғы үлгідегі 10000 теңгені 2026 жылдың 28 маусымына дейін қолдануға мүмкіндік бар. Қатар айналым кезеңінде ескі үлгідегі ақшаны жаңаға айырбастаудың еш қажеттілігі жоқ,-дейді мамандар.

ИНФОГРАФИКА:

Ескі үлгідегі банкноттар біртіндеп айналымнан алынады:

2001 жылғы үлгідегі 5000 теңге – 2024 жылдың 24 желтоқсанына дейін қатар айналымда.

2012 жылғы үлгідегі 10000 теңге – 2026 жылдың 28 маусымына дейін қатар айналымда.

Қатар айналымның кезеңі аяқталған соң екінші деңгейлі барлық банк үш жыл ішінде, ал Ұлттық банктің филиалдары банкноттарды мерзімсіз мезгілде айырбастайды.

РКС: Жалған ақша жасаудың алдын алу үшін әр 7-8 жыл сайын ақшаның дизайны өзгеріп отырады. Бұл әлемдік тәжірибеде бар. Оны жаңалаған кезде қорғаныш элементтері жетілдіріледі.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРМБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.