ДИКТОР: Каратэ-до шотокан федерациясының кезекті конференциясы өтті. Жиында алдағы уақыттағы мақсат, міндеттері мен жеткен жетістіктері, осы саладағы қордаланған негізгі мәселелер сөз болды.

РКС: Каратэ - қарусыз қорғанудың бір түрі. Окинава аралдарында 15 ғасырда жергілікті халықтың сыртқы жауынан қорғану мақсатында пайда болған спорттың бұл түріне қызығушылық көп. Қазіргі уақытта бапкерлер каратэ-до шотокан спорты бойынша 11 қара белбеу иегерін және 2 спорт шеберін дайындап, шаршы алаңға қосып отыр.

СНХ: РУСЛАН ДҮКЕМБАЕВ, «ҰЛТТЫҚ КАРАТЭ–ДО ШОТОКАН ФЕДЕРАЦИЯСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Енді алдағы уақытта біздің каратэ-до шотокан федерациясына үлес қосылады, дамиды, біздің осы өсіп келе жатқан өскелең жас ұрпақтарымыз үлкен нәтижеге жетеді деген, халықаралық дәрежедегі додаларда үлкен-үлкен нәтижелерге қол жеткізеді деген, біздің көк туымызды желбіретіп биікке көтереді деген үміттеміз. Бүгінгі конференцияның қорытындысы осылай.