ДИКТОР: Күзгі егін орағы кезеңінде элеваторлардың жұмысы тіптен қыза түседі. Өйткені оларға жеткізілген астықты уақытылы кептіру міндеті тұрады. Көкшетаудағы "Agrimer-Astyk" компаниясының құрылғанына биыл 100 жыл толып отыр. Бір ғасыр ішінде атауы бірнеше мәрте өзгергенімен, жұмысын ешқашан тоқтатқан емес.

РКС: Элеватордағы ауқымды аумақтың бірі – ондағы зертхана. Ондағы қызметкерлер жеткізілген дақылдың жай-күйін бірден зерттеуге кіріседі. Әр партиядан бақылау үшін алдын-ала сынамалар алынады. Соған орай бірқатар көрсеткіштердің сәйкестігі бағаланады. Әдетте, астықтың ылғалдылығы, табиғилығы, температурасы, қамырлылығы тексеріледі.Жан-жақты зерделеуден өткеннен соң ғана барып элеваторға жіберіледі.

СНХ: АЛТЫНАЙ ЖҮКЕНОВА, ӨНДІРІСТІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНАНЫҢ БАСТЫҒЫ: Бүгін көп астық қабылдадық. Арпа, бидай, зығыр тұқымы, бидайдың қатты түрі келіп жатыр. Ылғалдылығы бойынша бәрін қабылдаймыз. Арамшөбі көп болса оны осы сараптама аппараты арқылы жеке бөлеміз. Зертханада 15-тей қызметкер еңбек етеді.

РКС: Элеватор 104 мың тоннаға дейін өнім қабылдай алады. Күніне 100-ге тарта жүк машинасы астық жеткізеді.

СНХ: ГАЛИНА БАРАНЮК, ӨНДІРІСТІК УЧАСКЕНІҢ БАСТЫҒЫ: Үлгеріп жатырмыз. Кезекте ешкім тұрып қалмайды. Бәрін жылдам жіберуге тырысамыз. 12 адамдай астықты қабылдап алады. Қараша айына дейін қабылдаймыз деп жоспарлап отырмыз.

РКС: Бұдан бөлек, элеватор астықты кептіреді. Бұл астық өңдеудің маңызды технологиялық кезеңі. Онда шикізат қажетті ылғалдылыққа дейін жеткізіледі. Айта кетейік, элеватор 1924 жылы құрылған. Биыл кәсіпорын 100 жылдық мерейтойын атап өтуде.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ