ДИКТОР: «AMANAT» партиясы жанындағы отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің көшпелі отырысы Көкшетауда өтті. Кеңесте балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтамасыз ету жағдайында кешенді шараларды қамту мәселелері талқыланды.
РКС: 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды ұлғайту мақсатында 2023-2027 жылдарға арналған мектепке дейінгі ұйымдарды енгізу мен ашудың қадамдық жоспары әзірленген. 2024-2025 жылдарға арналған мектепке дейінгі ұйымдарды енгізу мен ашудың түзетілген қадамдық жоспарына сәйкес биыл 1700-ге жуық жаңа орын құру көзделген. Мектепке дейінгі 10 ұйым ашылмақ. Сонымен бірге қолданыстағы 7 балабақшаны кеңейту жоспарланып отыр.
СНХ: АЛТЫНАЙ ӘМІРЕНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Екі жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтуды ұлғайту мақсатында 2023-2027 жылдарға арналған мектепке дейінгі ұйымдарды енгізу мен ашудың қадамдық жоспары әзірленген болатын. Оған сәйкес, 2027 жылға дейін 3307 жаңа орын құру және 2 жастан 6 жасқа дейін балалардың мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен 98.6% қамтуға қол жеткізуге жоспарланған.
РКС: Оқушыларды ыстық тамақпен қамту мәселесі де өзекті. Қазір Ақмола облысында 519 мектеп жұмыс істеп тұр. Облыс бойынша ыстық және буфеттік негіздегі тамақтандыруды қамту толығымен шешілген. 343 мектепте конкурс бойынша азық-түлік жеткізушілер анықталды. 176 мектеп штаттық аспаздары бар тамақтануды дербес ұйымдастырып келеді. Қазір 65 мыңға жуық оқушы тегін тамақтанады.
СНХ: ӘСЕМГҮЛ ТӨЛЕУХАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
РКС: Отырыс соңында «AMANAT» партиясы жанындағы отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі республикалық кеңес төрағасының орынбасары Айна Мүсірәлімова мектепке дейіңгі ұйымдар санын арттыру, тұрмысы аз қамтылған отбасы балаларының тегін тамақпен қамтылуы бойынша алдағы уақытта айтылған пікірлерді ескеруді ұсынды.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ , КӨКШЕ АҚПАРАТ