ДИКТОР: Аршалы ауданындағы Бабатай станциясында "Таза Қазақстан"атты республикалық акциясы өтті. Аталған шараға 250-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында жастар ұйымдарының басшылары мен азаматтық сектордың өкілдері, аудандық мәслихаттың депутаттары, сондай-ақ белсенді жастар, волонтерлер мен "Жасыл Ел" жасағының мүшелері бар.
РКС: Шара азаматтық жауапкершілікке, ұйымшылдық пен адалдыққа бағытталған. "Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс" тұжырымдамасы негізінде қазақстандықтар табиғат пен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттайды.
СНХ: ДӘМЕШ МАУСЫМБЕКОВА, БАБАТАЙ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Жастарға айтарым әрқашан келешекте осындай жұмыстарды атқарып Таза Қазақстан деген проектілер көп болсын. Қазақстанымыз осы жастардың арқасында көркейіп биік шыңдардан көріне берсін.
РКС: Акция "Еңбек күніне"орайластырылған. Аршалы ауданының тұрғындары еңбекқорлықтың арқасында туған өлкені таза ұстауға болатынын үлгі ретінде көрсетті.
СНХ:АМАНҒАЗЫ ЗЕЙІТОВ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ: //қаз// Ауылдың атынан осыған қатысып жатқан азаматтардың бәріне алғыс айтамын. Бабатай ауылына келіп, біздің ауылды көріп, мына балалар алаңының жан-жағына ағаш егіп жатырмыз. Үкімет басшысының осындай бастамасын қолдап, ауылдың адамдары түгел жиналып жатыр,мінекей іске сәт болсын деймін, қызметтері өсе берсін, елдің қамын ойлап жүрген азаматтар әрқашан биіктен көрінсін деп ойлаймын.
СНХ:АЛЬБИНА ЖҰМАБЕК, БАБАТАЙ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Мемлекет басшысымыздың тапсырысымен Таза Қазақстан акциясы осы жылдың сәуір айынан басталып жүргізіліп келеді. Бабатай негізгі орта мектеп ұжымы болып ауылымыздың тазалығы баршамызға ортақ деген ұранмен, ұйымшылдықпен сенбілікке шықтық.
РКС: Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Акцияға қатысушылар аумақты қоқыстан тазартты. 16 текше метр қоқыс шығарылды. Акция басталғалы бері облыс бойынша 600 мыңға жуық адамның қатысуымен 500-ден астам экологиялық іс-шара өткізілді.
САБИНА ЖАМШИТОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ