ДИКТОР: Атбасар ауданына қарасты Сочинское ауылындағы мектепте қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза тапқан полиция лейтенанты Серік Иманғалиұлының есімімен аталатын «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды.

РКС: Салтанатты шараға ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерінің жақындары, әріптестері келді. Ашылу салтанатында 8 оқушы ант беріп, жас полицей атанды. Мектептегі полиция сыныбы өскелең ұрпақты патриотизмге, батылдық пен Отансүйгіштікке тәрбиелейді. Шарада полиция қызметкерлері оқушыларға батыр әріптестерінің өмірі, қызметі мен ерлігі жайлы баяндады.

СНХ: ҒАЛЫМЖАН САДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ: (ҚАЗАҚША): Ақмола облысы бойынша барлығы бүгінгі таңда 3 полицей сыныптары ашылды. Ол ең бірінші Көкшетау қаласының №11 орта мектебінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан полиция қызметкері Қажимов Болаттың есімімен, Степногорск қаласының Бестөбе поселкесінде 8-ші сынып ашылды. Ол Смағұлов Төлегеннің есімімен берілді. Сонымен қатар, бүгін Атбасар ауданы Сочинск ауылының орта мектебінде Мұхамеджанов Серіктің есімі беріліп, ашылғалы жатқан полицей сыныбының куәгері болып отырмыз. Бұл мектептер жас өсіп келе жатқан жеткіншектерге және оқушыларға алдағы уақытта патриоттық сезімді оятып, олардың елге қызмет етуге, көмек тиеді деп сенеміз.

РКС: Шара барысында тәртіп сақшылары батыр әріптесі туралы фильм көрсетті. Ол қылмыскердің қолынан 2004 жылдың 2-ші қарашасында қаза тапқан.

СНХ:БАҚЫТЖАМАЛ СӘКЕНҚЫЗЫ, СЕРІК ИМАНҒАЛИҰЛЫНЫҢ АНАСЫ: Менің Серік ұлымның атынан класс ашылып жатыр, кадетский класс. Мынау Акмолинский область ДВД-ға, коллективіне рахмет көп-көп, РОВД-ға рахмет. Осы Серігімді ұмытпай, 20 жыл өтсе де, әйтеуір ыңғайы то меморальный доска, то міне класс ашып жатыр. Осы үлкен болып өссін балалар, кішкентай балалар осы Қазақстанымызға еңбегін сіңіріп, достойными казахстанцами были.

РКС: Айта кетейік, Атбасар ауданы бойынша қызметтік міндетін орындау кезінде полицияның 6 қызметкері қаза болған. Полиция лейтенанты Серік Мұхамеджанов қайтыс болғаннан кейін Президент Жарлығымен екінші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ