ДИКТОР: «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығының облыстық филиалында «Мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында мектеп директорлары мен орынбасарлары үшін үш күндік семинар басталды. Тілшіміз Евгений Варанкин баяндайды.

РКС: Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев қатысушыларға республикалық жобаның негізгі кезеңдерін атап өтті.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: АЛМА БЕКЕНОВА, БІРЖАН САЛ АУДАНЫ ҮЛГІ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Сегодня национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» начал работу по проведению семинара «Менеджмент качества образования в Казахстане». Вопрос повышения качества образования назрел. От качества образования зависит, конечно, каким будет будущее нашей страны. Программа семинара очень насыщенная. Она предназначена для руководителей, директоров, завучей наших школ.

Бүгін «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы «Қазақстанда білім беру сапасының менеджменті» семинарын өткізу бойынша жұмысты бастады. Білім беру сапасы мәселесі пісіп-жетілді. Әрине, еліміздің болашағы қандай болатыны білім сапасына байланысты. Семинар бағдарламасы өте қарқынды. Ол біздің мектептердің басшылары мен орынбасарларына арналған.

РКС: Семинарды білім басқармасы мен білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті ұйымдастырды. Басты мақсаты - тұрақты білім беру нәтижелеріне қол жеткізу үшін мектеп басшыларының сапа менеджменттегі құзыреттерін дамыту.

СНХ: АЙДАР РЫСПАЕВ, БЕСТӨБЕ №2 МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:///қаз///А353С717 (00:14)Осы семинардан күтенініміз. Білім сапасын көтеруде қандай іс-әрекеттерді қолдануға болады. Келген курсқа бізге дәріс залында түсіндіру жұмысы өтті. Пән бойынша алдағы уақытта тестілеуге қатысамыз. Осы Life-сессияларын мұқият тыңдап және тапсырмалардың барлығын дұрыс орындай отырып, қазан айында тесттен тапсырып өтеміз деп ойлаймын.

РКС: Семинардың бірінші күні төрт сессиядан тұрады, оның алғашқы екеуі мектепті дамыту бағдарламасын әзірлеуге арналған. Үшінші және төртінші жоба аясында мұғалімдердің кәсіби дамуына бағытталған.

СНХ: СЕРІК УӘЛИЕВ, «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ: Осы курстардың бағдарламасының мазмұны мұғалімдердің кәсіби білімін мен дағдыларын арттыруға бағытталған. Бүгін біз ҰБТ және мұғалімдердің білімін бағалау қорытындылары бойынша бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру керек екенін көріп отырмыз. Мұғалімдерді өздерінің кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағыттау қажет.

РКС: Семинар нәтижелердің қорытындысын шығарылып, кері байланыс арқылы ақпарат алынады. Барлық қатысушыларға семинардан өткені туралы сертификаттар беріледі.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ӘЛИШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ