ДИКТОР: Дүниежүзілік туризм күніне орай Зеренді ауданындағы «Зерен-Нұр» шипажай-сауықтыру кешенінде жаңа медициналық блок ашылды. Мейрамханасы және VIP бөлмелері бар төрт қабатты медициналық орталық емделушілерді қабылдауға дайын.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Іс-шара Дүниежүзілік туризм күніне орай аталған саланың қызметкерлеріне құрмет көрсетуден басталды. Еңбегімен ерекшеленгендер Зеренді ауданы әкімінің Алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, туристік нысандардың аспаздары арнайы тағамдар байқауына қатысқаны үшін бағалы сыйлықтарға ие болды.

СНХ: ЗОЯ БУТЕР, «ЗЕРЕН-НҰР» ШИПАЖАЙ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНІҢ ӘКІМШІСІ: Біздің жаңа кешеніміз демалушылар мен емделушілерге бұрынғыдан да жақсы қуаныш сыйлайды деп үміттенеміз. Табиғат аясындағы жаңа кешен заманауи үлгіде жаңартылған. Көпшілігі бұл кешеннің қолданысқа берілуін ұзақ күтті. Көптеген қонақтар бізде жаңашылдық болғанын қалады. Біз де осы сәтті күттік.

РКС: Медициналық блоктың құрылысы 2021 жылы басталған. Жаңа емдеу орталығы келушілерге ингаляция, скипидарлы және қылқан жапырақты ванналар, биоэнергетикалық массаж, лазерлік терапия және көптеген басқа медициналық процедураларды ұсынады.

СНХ: ТАЛАС НҰРПЕЙІС, «ЗЕРЕН-НҰР» ШИПАЖАЙ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгінгі екі маңызды оқиға ерекше біріктірілген. Дүниежүзілік туризм күні мен жаңа корпустың ашылуын салтанатты атап өтудеміз. Туризм арқылы Зеренді ауданының табиғи сұлулығын бүкіл Қазақстанға таныстырсақ. Ал медициналық қызметкерлеріміз арқылы халқымыздың денсаулығын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Бүгінгі ерекше күнімен құттықтай отырып, жарқын болашаққа бірге қадам бассақ деймін.

РКС: Биыл Зеренді ауданына 37 мыңнан астам турист келді, бұл осыдан екі жыл бұрынғымен салыстырғанда 11,5 мыңға артық. Жыл сайын курорттық аймақтағы балалар лагерінде 4 мыңға жуық бала демалып, сауығып кетеді.

СНХ: ӘСЕН ЖАҚСЫЛЫҚОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: аударма///Зеренді ауданында жылдан жылға туризм жақсы дамып келе жатыр. Бізде жаңа туристік нысандар пайда болуы үшін қосымша жер учаскелері бар жол картасы әзірленуде. 40 нысанның 12-сі жыл бойы тәулігіне 2800 қонақ қабылдай алады.

РКС: Медициналық блоктың аумағы 2 мың шаршы метрден асады, оның ішінде 60 орындық мейрамхана, медициналық кабинеттер және 13 жатын бөлме бар. Қазір барлық құрылыс жұмысы аяқталды. Медициналық блок өзінің жаңа емдеушілерін қабылдауға дайын.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.