ДИКТОР: Облыста 700-ден астам тегін үйірме мен спорт секциялары жұмыс істеп тұр. Оқушылардың сабақтан тыс уақытын тиімді өткізу жақсы жолға қойылған. Ал білім алушылардың тәртібі мен қауіпсіздігі басты назарда. Білім басқармасы тарапынан балалардың қауіпсіздігіне байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 7 мыңнан астам семинар өткізілді.

РКС: Қоғамның алдында тұрған басты міндеттің бірі - кәмелеттік жасқа толмаған балалардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу және қылмыстың өсуіне жол бермеу. Заң бұзушылықтың алдын алудың бірден-бір жолы оқушылардың мектептен тыс уақытын дұрыс ұйымдастыру.

СНХ: БОТАГӨЗ ДҮЙСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Облыстың барлық білім беру ұйымдарында екінші жыл "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыруда. Бүгінгі таңда біздің білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі ұйымдардан бастап "Бірыңғай тәрбие бағдарламасы" іске асыру жөніндегі кешенді жоспар іске асырылуда. Әр айда 6 бағыт бойынша сабақтардың бағыттары мен тақырыптары бар. Олар Тәуелсіздік және патриотизм, бірлік пен ынтымақ, әділдік және жауапкершілік, Заң және тәртіп, еңбекқорлық және кәсіби біліктілік, жасампаздық және жаңашылдық. Күн сайын әрбір білім беру ұйымында сабақтан бос уақытта немесе үзілісте "Ұлттық ойын - ұлт қазынасы" жобасы іске асырылады. 23-27 қыркүйек аралығында еліміздің барлық мектептерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған ата-аналар жиналысы өтеді. Ол жұмыс басталып кетті.

РКС: Алдын алу шараларының тиісті деңгейде жүргізілуіне қарамастан жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс азаяр емес. Мәселен, биыл ювеналды полицияның есебінде 300-ден астам жасөспірім тұр.

СНХ: ЕРБОЛАТ ҚҰСАЙЫНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБСАРЫ: Балалардың түнгі уақытта жүруі көп ретте қылмыс жасауға итермелейді. Биылғы жылда полицияға қараусыз болған 4 мыңнан астам бала жеткізілді, оның ішінде 204 алкоголь ішкені, 453 ұсақ бұзақылық жасағаны үшін. Қабылданып отырған шараларға қарамай, өкінішке орай биыл кәмелеттік жастарына толмағандар қылмыстар 13 пайызға өскен. Қылмыстардың түрлерін алатын болсақ, оның басым саны мүлік сипатындағы қылмыстар, ақша, ұялы телефон, киім ұрлауымен байланысты. Осы алаңды пайдалана отырып, барлық ата - аналарға балаларға ерекше қадағалау жасауларыңызды сұраймын.

РКС: Ата-аналардың көпшілігі жұмысбастылық салдарынан балаларына жеткілікті көңіл бөлмейді. Ал оның салдары жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуіне әкеліп соғады. Сондай-ақ, соңғы кездері әлеуметтік желі арқылы балаларды суицидке итермелейтін түрлі ойындардың көбеюі де сақтықты талап етеді. Биыл өңірде 2 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ