ДИКТОР: Көкшетауда «Мен донормын» атты қайырымдылық акциясы өтті. Облыстық қан тапсыру орталығы жылжымалы игі шараны ұйымдастырды. Акцияға қолдау білдірген облыстық жастар ресурстық орталығы. Аталған игі іске мекеме қызметкерлері және студенттер де үлес қосты.

РКС: Акция таңғы 9-дан басталды. Қан орталығының мамандары келушілерге алдымен қан тапсырудың шарттарын түсіндірді. Қан тапсыруға өз еркімен келгендердің бірі мемлекеттік қызметші Мейірлан Жамбылов.

СНХ: МЕЙІРЛАН ЖАМБЫЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ: Өз еркімізбен қан тапсыруға келдік. Акцияны біз фронт офис кеңсесінің афишасын байқап, көріп келдік. Мен үшін ол қан тапсыру өте маңызды болып келеді. Басқа жанға көмек жасау біздің парызымыз. Бірінші рет қатысып отырмын.

РКС: Донор 450 миллиграмм көлемінде ғана қан тапсырады. Акцияға 100-ден аса адам ниет білдірген. Бірақ, солардың тек 20-сы ғана донор бола алды. Бұл жерде айта кету керек, қан тапсырушылардың көпшілігі денсаулығына қатысты тексеруден өтпеді.

РКС: СНХ: ЖІБЕК ТІЛЕУҒАБЫЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТЕРАПЕВТІ: Қан тапсырмас бұрын донор алдын ала сауалнама толтырып, тіркеледі. Одан соң зертханалық тексеру жүргізіледі. Егер бәрі дұрыс болса, онда терапевт қан тапсыруға рұқсат етеді. Қан беру үшін белгілі бір шарттары бар. Қан тапсырудан уақытша және босатылғандар бар. Егер қан тапсыру кезінде вирусқа қарсы инфекция болса, онда ол адам уақытша босатылады. Созылмалы, созылмалы жұқпалы аурулар, қан тамырлары аурулары барлар, тексеру кезінде гемоглобин жоғарыласа немесе түсіп кетсе олар да қан тапсыра алмайды.

РКС: Айта кетейік, алдағы уақытта дәл осындай жылжымалы акцияны аудандар бойынша да өткізу жопарланып отыр. Өйткені, орталық мамандарының алдында қан қорын толықтыру, адам өміріне араша түсуге қолдау білдіру мақсаты тұр.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ