ДИКТОР: Есірткіге қарсы күрес кешенді тәсілді қажет ететін маңызды әлеуметтік мәселе. Мұндай акциялар халыққа ақпаратты жеткізуді арттыруға, нашақорлық деңгейін төмендетуге және мұқтаж адамдарға қолдау көрсетуге жәрдемдеседі.

РКС: Акция жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылдануға тартуға бағытталған. Бұл шара есірткі мәселесі туралы ақпаттандыруға, қауіпсіз және салауатты қоғам құруға көмектеседі.

СНХ: ЕРБОЛАТ ҚҰСАЙЫНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Осы акцияның аясында еріктілерді, мемлекеттік емес ұйымдарды тартып отырмыз. Осы жұмысының үш бағыты бар. Біріншіден – есірткі таралуына графити жарнамаларды жою. Екінші – жабайы өскен қарасорыларды жою. Үшіншіде – барлық оқу орындарда есірткіге қарсы профилактикалық дәрістерді өткізу.

РКС: Қала жастары есірткіге қарсы күреске зор үлес қосып жүр. Олар шаһардың әр аумағында әр жерге есірткіні жасырын жарнамалайтын жазбаларды өшіру үшін түрлі-түсті бояулар алып, мекенжайларға аттанды. Сонымен қатар есірткінің зияны туралы ақпарат берілген буклеттер де таратпақ.

СНХ: ДАРХАН ДОСАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: Өкінішке орай, қазіргі уақытта біздің республикамызды синтетикалық препараттар толтыруда. Олармен күресудің бір әдісі - алдын алу. Бұл шараға 400-ге жуық адам қатыстырылып отыр. Негізгі мақсаты қала тұрғындарына ақпараттық буклеттер тарату, үйлерде, аялдамаларда және сауда үйлерінде есірткі сату туралы жазуларды бояу.

РКС: Акцияға қаладағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері де қатысты. Есірткіге қарсы ең белсенді еріктілерге сертификаттар табысталды.

СНХ: АИМА ТЕРЕҒҰЛОВА, Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Есірткінің зиянды зат екенін бәріміз білеміз, адамның организмін ғана емес, ақыл-ойды да, жалпы жан дүниені уландырады. Бұл шара бүкіл Қазақстан халқы, болашақ ұрпақ үшін пайдалы деп санаймын. Ақпараттандыру шаралары Қазақстанның дені сау болашағы үшін жиі өткізілуі тиіс деп санаймын.

РКС: Осылайша, есірткіге қарсы акциялар тәуелділіктің алдын алу мен емдеуде, сондай-ақ ақпараттандырылған және қамқор қоғам құруда шешуші роль атқарады.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ