ДИКТОР: Бүгін Дүниежүзілік туризм күні. Бұл күнді 1979 жылы Испанияда Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас Ассамблеясы бекіткен. 1970 жылдың 27 қыркүйегінде Дүниежүзілік туристік ұйым Жарғы қабылдады. Содан бері осы күн дүниежүзілік туризм күні болып белгіленген. Жыл сайын дәл осы күні туризм саласына қатысты қордаланған мәселелер талқыланып, жаңашылдықтар елге жария етіледі. Алдағы уақытта Қазақстанда туристерге арналған мобильді қосымша іске қосылмақ. Бұл Бурабайда өткен Kazakhstan travel туристік форумында айтылды. Оның барысында туризм сапасын жақсарту бойынша атқарылып жатқан мәселелер талқыланды.

РКС: Шетелге демалуға баратын қазақстандықтардың саны жыл сайын өсуде. Алайда, шетелде демалушылардың қиындықтарғатап болып жататын жағдайлары да жиі кездеседі. Көпшілігі елдегі жосықсыз туристік фирмалардан зардап шегеді. Өткен жылы мұндай фактілердің 180-і анықталды.

СНХ: ИННА РЕЙ, "ТУРИСТІК ҚАМҚОР" КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Біз тәулік бойы туристке қолдау көрсететін, сондай-ақ оның үнемі байланыста болуын қамтамасыз ететін мобильді қосымша ойлап таптық. Бұл қосымша демалушылардың қауіпсіздігі үшін қажет.

РКС: Сондай-ақ форумда отандық туроператорлардың рейтингі ұсынылды. Авиация, оның туризм мен экономиканы дамытудағы роліне қатысты мәселелер қозғалды.

СНХ: ӘДІЛЕТ КӨБЕНОВ, ҚР АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Жалпы, азаматтық авиация мен туризм саласы бір-бірімен байланысты. Олар бір-біріне тәуелді. Сондықтан мұндай форумдарды өткізу азаматтық авиация, туризм саласы үшін де оң септігін тигізеді.

РКС: Форум аясында оған қатысушылар туризм саласындағы басты трендтерді, заманауи талаптар мен туризм индустриясындағы стандарттар мен тәуекелдерді басқару мәселесін талқылады. Ірі туроператорлар жаңа туристік бағыттарды ұсынды.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АКПАРАТ.