ДИКТОР: Өңірде халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үлесі 60,4 процентке жетті. Облыста 1824 спорт нысаны жұмыс істейді, 300 мыңнан астам адам дене шынықтырумен айналысады.

РКС: Спорт ұйымдары жұмысының негізгі бағыты спорт инфрақұрылымын дамыту. Облыста 1824 спорт нысаны жұмыс істейді, оның 1 мыңнан астамы ауылдық жерлерде. Аймақта спорттық инфрақұрылымға ерекше басымдық беріліп келеді. Бірінші жартыжылдықта Есіл мен Қосшы қалаларында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы аяқталды. Қазір екі нысан да пайдалануға берілді.

СНХ: АРДАҚ ТӨЛЕНДИН, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Көкшетау қаласының Красный Яр ауылында, Степногорск қаласында, Степногорск маңындағы Бестөбе ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің және Щучинск қаласында спорт сарайының құрылысы жүріп жатыр. Биыл Степногорск қаласында "Қазақстан Халқына" Қоғамдық қорының қаражаты есебінен жылдам салынатын спорт кешенінің құрылысы басталды және оны жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. .

РКС: Облыс бойынша салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жыл басынан бері бір жарым мыңға жуық спорттық шаралар өткізілді. Соған 87 мыңнан астам адам қатысты. Бұқаралық спортпен қатар өңірде жоғары жетістіктер спорты дамуда.

СНХ: АРДАҚ ТӨЛЕНДИН, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Облыста спорт резервін дайындауды 29 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жүзеге асырады. Сондай-ақ олимпиадалық резервті дайындау орталығы жұмыс істейді. Бұл облыс құрамасының жасөспірімдер құрамына кіретін спортшылар. 2 жоғары спорт шеберлігі мектебі, 6 кәсіби клуб және мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған "Мерген" клубы. Спорт мектептерінде спорттың 60-тан астам түрі, оның ішінде 28 олимпиадалық, 20 олимпиадалық емес және 11 ұлттық спорт түрлері бар. 228 бөлімде 20 мыңға жуық оқушы спортпен айналысады.

РКС: Айта кетейік, облыста 1 разрядты 96 спортшы, 301 спорт шеберіне кандидат, 22 спорт шебері, 1 Халықаралық дәрежедегі спорт шебері бар. Ұлттық құрамаға 522 спортшы кіреді. Жетекші спортшыларды ынталандыру және материалдық қолдау үшін республикалық және халықаралық аренадағы жоғары спорттық көрсеткіштері үшін және рейтингке байланысты ай сайынғы ақшалай қаражат төленеді.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРМБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.