ДИКТОР: Сандықтау ауданында «Менің Отаным – Қазақстан» республикалық слеті өтті. Жарысқа 180-ге жуық адам қатысты. Жыл бойы жұмыс істейтін балалар сауықтыру лагерінде қатысушылар өздерінің ғылыми жобаларын таныстырып, құзға өрмеледі.

РКС: Жарысқа орта және қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты. Олар облыстық және қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары. Айта кетейік, өңірлік слетқа 100 мыңнан астам оқушы қатысты.

СНХ: БАЛГҮЛ АЙТЖАНОВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Қазақстан Республикасының министрлігінің тапсырысы бойынша республикалық ментаның Қазақстан слетін өткізіп жатырмыз, бұл слет 180 бала әр өңірден келген өздерінің туризм бағытында жетік білімдерін көрсетуде. Бұл өз өнерлерін паш етуде әр өңірден келіп, өз қабілеттерін көрсете білді деп ойлаймын.

РКС: Слет - балалардың өз аймағындағы туризм мен өлкетануды сақтауға және дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жоба, - дейді ұйымдастырушылар. Орал қаласынан келген бір топ балғын шарадан алған әсерлерімен бөлісті.

БЛИЦ: Слет жалпы жоғары деңгейде өтті өте тек қана жарыс емес, басқа да үлкен үлкен тақырыптармен танысқан болатынбыз. Жаңа достар таптық, жаңа адамдармен таныстық және де қатысқан жарысымызда қарсыластардан тәжірибе жинаған болатынбыз. Жалпы ойын түрлері. Бізді тек қана жарыс мақсатында жинаған жоқ. Балдардың бәрі ең алғашқы жетістіктер көрсетті, мен соларға қарап істедім, әрі қарай балаларға қарап үйреніп немесе орынды алып шықтым.

- Менің Отаным Қазақстан атты туристік экспедиция отрядтың республикалық слет қатысып, Мен кіші Отаным номинациясында үшінші орын иелендім, өз мектебіме бүкіл Жарқайың ауданына жас ақыншы Болат Кәрімге, Оператор Станислав, Ақмола облысының білім басқармасына, ұйымдастырушыларға және әрине ұстаздарына зор алғысымды білдіремін.

РКС: Республикалық слет қорытындысы бойынша 27 жеңімпаз анықталды. Олар бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ