ДИКТОР: Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде жаңа интерактивті бейнестудия ашылды. Бұл студия – білімді жаңа форматта жеткізіп, дәстүрлі сабақты заманауи бейнедәріске айналдыратын бірегей алаң. Жасанды интеллект арқылы бұл студия ұстаздар мен студенттерге таптырмас құралға айналмақ. Жаңа студияның ашылу салтанатына барып қайтқан тілшіміз Динара Нұрмұханованың бейнематериалына назар аударыңыздар.
РКС: Бұл жоба Мемлекет басшысының Жолдауындағы жасанды интеллект мәселесімен үндесіп жатыр. Жаңа студия білім беру саласындағы цифрлық мүмкіндіктерді кеңейтіп, болашақта жасанды интеллектті оқыту мен қолдануда маңызды құралға айналмақ.
СНХ: САҒЫНТАЙ ЕЛУБАЕВ, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ: Ұстаздың берген лекциясын жаңағы тек қана бір корпуста емес, бар корпуста бірден естуге болады, ол бір. Екіншіден, проблемный ситуацияларды жасауға болады. Жаңағы 3Д-ны қолданып отырып. Балалардың жаңағы білімге, ғылымға деген ынтасын көтереді, бұл деген керемет. Ең бастысы балаларға, біздің студенттерге бұл көмегін тигізеді, ертеңгі күні жақсы маман шығаруға.
РКС: Заманауи студия – оқытушылармен қатар жастардың да шығармашылық алаңына айналып отыр. Мұнда подкаст, скринкаст түсіруге де мүмкіндік бар. Әлеуметтік желі белсенділері – тиктокерлер, блогерлер, инстаграмерлер үшін де мұндай студиялар жаңа шабыттың мекені болды. Арнайы құттықтау бейнеролигінен бастап, мазмұнды бейнесабаққа дейін – бәрін бір жерде жазып, дайын күйінде алуға болады. Ең бастысы – бұл студия білім беру процесін жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді. Авторлық дәрістерге 3Д модельдер қосылып, сайттағы мазмұнды материалдар мен YouTube сілтемелері тікелей енгізіледі. Арнайы бағдарламалық жүйенің арқасында қарапайым сабақ бір сәтте заманауи бейнедәріске айналып, көрерменге әсерлі түрде ұсынылады.
СНХ: ОЛЖАС ӨМІРСЕРІК, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ: Қазір университет заңды түрде онлайн-университет саналады, себебі мұнда сапалы бейнеконтент жазуға және оны әлемдік Coursera сияқты платформаларға шығаруға барлық құрал бар. Мұнда бәрі кино сияқты: сценарий бойынша 15–20 слайд дайындалып, әр слайд кезең-кезеңімен көрсетіледі. Нәтижесінде дайын бейнероликті оқытушы бірден алып кете алады. Оны монтажерге немесе операторға 2–3 күн монтаждатудың қажеті жоқ.
РКС: Бұл – аймақтағы ең алғашқы толық жабдықталған бейнестудияның бірі. Жалпы елімізде осындай студиялар желісі кеңейіп келеді. Бүгінде Қазақстанның барлық өңірін қосқанда жүзден астам заманауи бейнестудия жұмыс істеп тұр. Мұндай бастама көрші Өзбекстанда да жүзеге асып жатыр. Тіпті халықаралық деңгейде де осы бағытта белсенді жұмыстар жүргізіліп келеді.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ