ДИКТОР: Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында цифрлық теңгеге айрықша тоқталды. Президент цифрлық активтердің толыққанды экожүйесін қалыптастыруды жеделдету қажет екенін айтты. Бүгінде виртуалды валюта Ұлттық қор қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобаларда қолданылып келеді. Алдағы уақытта оны барлық деңгейдегі бюджеттер мен мемлекеттік холдингтерге кеңінен енгізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ стратегиялық крипторезерв жинақтайтын Мемлекеттік цифрлық активтер қоры құрылмақ.
РКС: Цифрлық теңге жаңа қаржылық жүйенің маңызды бөлігіне айналуда. Бұл валютаны мемлекеттік басқару деңгейіне шығаратын уақыт келді дейді Президент. Сарапшылардың пікірінше, крипторезерв құру еліміздің экономикасын жаһандық тәуекелдерден қорғауға және қаржы нарығындағы өзгерістерге дер кезінде бейімделуге мүмкіндік береді. Алайда мұндай жаңашылдықтарға қала тұрғындарының дайындығы қандай?
БЛИЦ: Думаю, цифровой тенге – это очень удобно. К примеру, находясь в другой стране, в любое время можно оплачивать не используя наличку. Я думаю, да, это удобно.
- Да, я готов. Потому что – это очень удобно. Не надо будет с собой таскать бумажную валюту. Удобно, когда выезжаешь заграницу не нужно искать банкоматы, можно оплачивать онлайн.
- Нет, мне привычнее расплачиваться наличными.
- Просто наличной удобнее. Сейчас везде ее принимают. Не доверяю интернет-платежам. Потому что мошенники звонят каждый день. Поэтому не доверяю.
РКС: Қала тұрғындарының пікірлері екіге бөлінді: бір бөлігі цифрландыруды қолдаса, енді біреулері оған сақтықпен қарайды. Дегенмен цифрлық теңгеге көшу бағыты айқындалғаны белгілі, алдағы уақытта елде ұлттық валютаның жаңа форматын кеңінен енгізу көзделіп отыр.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ