ДИКТОР: Өңір диқандары егіннің жартысынан астамын жинап алды. Бүгінгі таңда шамамен 2,5 миллион гектар алқапта жұмыс жүргізілді. Қолайлы ауа райы орташа шығымдылықтың біртіндеп артуына мүмкіндік беруде. Қазір бұл көрсеткіш гектарына 13 центнерге жетті.

РКС: Бұланды ауданындағы Журавлевка-1 серіктестігі осы күндері егін жинауға бар күш жігерін жұмсап еңбектенуде. Бүгінгі таңда жалпы егіс алқабының 30 процентінде жұмыс аяқталған. Серіктестіктің егістік алқаптарында әр гектардан 30 центнерден өнім алынды. Күзгі орақ науқанына 100-ге жуық комбайн шықты. Қосымша жұмыс күшін тартудың қажеті болған жоқ. Күн райы осылай жақсы болса біз әлі де күшейтілген режимде жұмыс істейміз», – дейді мамандар.

СНХ: ЕРЛАН ТОҚАНОВ, «ЖУРАВЛЕВКА-1" СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Қазір біз өндіріс орнының егіс алқабында тұрмыз. Нөмірі 36-шы танапта дәнді дақылдар мен бидай орып жатырмыз. Бүгінге дейін астықтың 45 процентке жуығын жинап алдық. Жалпы аумақ 30 процентке тазартылды. Дәннің сапасы әртүрлі. 3-ші де, 4-ші де түрлері бар. Биылғы жылы бірінші шыққан егістік алқаптарға жауын-шашын аз түсіп, астық сапасы 4 класс болып шықты.

РЗК: Астықтың ылғалдылығы 17 процент. Оның бір бөлігі осы серіктестіктің кептіргіштері мен қоймаларына жіберілуде. Егінді сақтау үшін арнайы қапшықтар пайдаланылуда. Оларда бидай алты ай бойы өзінің құрамын, сапасын жоғалтпайды және өңделуге жіберіледі. Егіннің негізгі бөлігі элеваторларға жөнелтілуде.

СНХ: КЕНЕШ ӘЛІМЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Элеваторлар құрғақ астықты сонымен тым ылғалды бидайды да қабылдап жатыр. Элеваторларға, кептіргішщ аппараттарда жұмыс істейтін мамандар шаруашылықтарда бар. Тәулік бойы тынбастан жұмыс істеп жатырмыз. Бастапқыда біраз қиындық болғаны рас. Элеваторларда да іркіліс болды. Қазір облыс аумағындағы 66 элеватордың бәрі жұмыс істеп тұр.

РКС: Астықты кептіру үшін Ақмола облысына 22 мың тоннадан астам дизель отыны мен 2 мың тоннаға жуық сұйытылған газ бөлінді. Қазан айында қосымша тағы да келеді деп жоспарланып отыр. Диқаншылар үшін жағымды жаңалық. Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы бидайды сатып алудың бағасын бекітті. Форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша қамырлылығы 27 процент болатын 3-ші классты астықтың 1 тоннасы 100 мың теңге болып отыр.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ.