ДИКТОР: Ақмола облысына қарасты өндірістік шаһар саналатын Степногорск қаласында Тик-токтың жұлдызына айналған дәрігер тұрады. Данияр Қинаятов әлеуметтік желіге келу тарихымен бөлісті.

СНХ: ДАНИЯР ҚИНАЯТОВ, ДӘРІГЕР: Бұл идея өзінен өзі келді. Бір күні жұмыстан келсем, жолдасым Тик-токта отыр.Бұл тик-токты кім қарайды деп сұрасам, көбісі жастар дейді. Ал енді мен өзімнің гитарамен тартатын әндерімді салсам қарай ма халық деп сұрасам, кімге сенің ескі әндерің керек деп жауап берді маған. Сол сөз намысыма қатты тиді. Мен әлі тик токтың жұлдызына айналам деп айттым.

ИНТЕРШУМ: РКС: Дәл осылай жұбайымен бәстескен Данияр қолына гитарасын алып, Тик-Ток желісіне алғашқы әнін жүктейді. Бірден 1 миллионға жақын қаралым жинайды. Сонымен біртіндеп, оқырман саны да көбейе берді,-дейді кейіпкер. Бүгінде әуесқой әнші дәрігердің Тик-токта 22 мыңға жуық көрермені бар.

СНХ: КҮЛЗИПА АҚПАМБЕТОВА, АНАСЫ: Мен қараймын, лайк қоям. Я фанат Даниярдың.Мен мақтанып оны ешқай жерге жібермеймін.Не көршілеріме, не достарыма, не туыстарыма. Тик-ток өзі донесет я думаю.

РКС: Данияр Абайұлы – білікті хирург. Целиноград мемлекеттік медицина институтын 7 жыл оқып тәмамдаған соң, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының бірнеше ауданында қатардағы дәрігерден бастап, бас дәрігер, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметіне дейін көтерілді. 2015-ші жылға дейін мемлекеттік денсаулық сақтау саласында еңбек етіп, мол тәжірибе жинақтаған Данияр Абайұлы өзінің бизнес жобасын әзірлеп, жеке меншік клиника ашқан. Күніне бірнешн операция жасап, науқастарды қабылдайды. Кешке үйге шаршап келгенде музыкадан энергия жинап, бір рахаттанып қаламын,-дейді.Жұмыстан кейінгі жұмысы шығармашылығын шыңдау. Музыкалық білімі жоқ Данияр гитараны да өз бетінше үйренген. Аккордтардың атын да білмеймін деп ағынан жарылды. Әншілігінен бөлек, өзінің жүрегін жарып шыққан бірнеше туындысы бар.

СНХ: ҚАЙЫРКЕН АХМЕТЖАНОВ, «ЖҰЛДЫЗ» ВОКАЛДЫ ҰЖЫМЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Мен ол кісімен бұрыннан таныспын. Ол дәрігер шебер екенін білем. Бірақ, өнер жағынан, музыка жағынан білмеппін. Бір күні осы кісі маған звондады ән жазу керек деп. Дауысын тыңдаған кезде, о, мына кісі тек қана дәрігер емес, бұл кісі әнші екен деп өзім ішімнен ойладым. Бір керемет ән жаздық. Шығармашылық болғаннан кейін ол кісінің неше түрлі, менің идеяларым бәрі қосылып, бірсыпыра ән жаздық. Сегіз қырлы, бір сырлы дейді ғой қазақтар. Тек қана шебер дәрігер емес, өнер жағынан да алға басып келе жатқан жігіт. Авторлық әндері бар. Сол авторлық әндеріне аранжировка жасап жатырмыз. Интернет желісінде көп тыңдармандары бар. Бұл кісіге қарап біз де мына жақта шабыттанамыз. Осы,кісінің арқасында біздің өнерімізді де көріп қалады.

РКС: Жастайымнан мектепте, одан соң жоғары оқу орнында кез келген мерекелік шараның бел ортасынан табылдым. Тіпті бала кезімізде үйде бір кішігірім дастарқан жайылса, әкем мені қонақтардың алдына шығарып ән айтқызатын. Сол тұста көп тартыншақтайтынмын, тым ұялшақ болдым-дейді кейіпкер. Ата мен әженің тәрбиесінде болған Данияр жас кезімде әкеме көп көңіл бөле алмадым, тіпті әке деп айтуға да батылым бармады дейді. Асқар тауының құлағанына 7 жылдан асыпты.

ИНТЕРШУМ:

ГҮЛНӘР БЕКЕНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ