ДИКТОР: Көкшетау қалалық үлгілі кітапханасы «Туған өлке» бағдарламасы аясында Көкше өңірінен шыққан көрнекті жазушы, танымал журналист, білікті аудармашы Сарбас Ақтаевтың 90 жасқа толуына орай кеш ұйымдастырды. Тілшіміз Нұрсәуле Мұратқызы баяндайды.

РКС: Өскелең ұрпақтың Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін ұялату және қазақ мәдениеті мен әдебиетіне өшпес қолтаңбаларын қалдырған Көкше өңірінен шыққан тұлғалардың қайраткерлік жолдарын үлгі ету мақсатында қалалық кітапхана «Туған өлке» атты жобасын қолға алған еді. Аталған жоба аясында Жылымды өңірінің тумасы көрнекті жазушы, танымал журналист, аудармашы Сарбас Ақтаевтың 90-жасқа толуына байланысты «Қаламгер парызы-елдік мұратқа қызмет ету» тақырыбында іс-шара өткізді. Журналистика жолында ақындығын құрбан қылған, жазушының қазақ әдебиеті мен мәдениетіне сіңірген еңбегі ұшан теңіз-деді кешке жиылғандар.

СНХ:. ҚАЙЫРБАЙ ТӨРЕҒОЖА, ОБЛЫСТЫҚ «АРҚА АЖАРЫ» ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ: Бұл ұшан-теңіз еңбектің ішінде ол кісінің журналист болып үлкен жолдан өтуі, қазақтың қабырғалы,сүйекті ірі-ірі деген үлкен басылымдарын басқарғаны. Өзі де қаламды құлаштап сермеп, үлкен-үлкен дүниелер бергені, сол ортада жақсы танылып, есімі үлкен осы қазақ еліне белгілі тұлғалардың қатарында аталғаны бәрі –бәрі жарқырап кіре түседі.Сондықтан да Сарбас ағамыздың бүгінгі 90 жылдық мерейтойы, ол біздің Көкшенің өнері мен мәдениетіндегі, оның баспасөз саласындағы үлкен бір елеулі оқиғасы деп білеміз. Сол 90-жылдық өзінің деңгейінде осы туған өңірінде де лайықты аталып өтілуі тиіс деп ойлаймыз.

РКС: Сарбас Ақтаевтың қаламынан «Дала туралы толғау», «Бұлар бірінші болып еді», «Қапшағай хикаясы», «Алтын қалам», «Шарапатты шаңырақ», «Абылай хан» сынды әдеби публицистикалық шығармалары дүниеге келген. Сонымен қатар «Тұңғыш кітап», «Оқжетпес» атты өлеңдер жинағы да бар. Көркем аудармамен де айналысқан қаламгер 12 роман, 20-ға жуық хикаят аударған. Қазіргі таңда өскелең ұрпақ арасында ақын шығармашылығына қызығушылық артып келеді.

СНХ: АРУЖАН ӘЛІМБАЙ Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Қазақ ханымдарының, Абылай ханның эсселерінде жұрт білмейтін, біз білмейтін бірнеше фактілер айтылған. Өзіміздің жерлесіміз журналист ағамыздың неше түрлі қызықты, неше түрлі еңбектерін біліп жатырмыз. Өзінің ғұмырын журналист саласына арнағанын білдік. Өте қызықты мәліметтер біліп жатырмыз. Бұл ерекше бір жобалардың бірі деп айтуға болады.

РКС: Сарбас Ақтаев зейнетке шыққаннан кейін де қолынан қаламын тастамаған, түрлі тақырыпта толғамды очерктерін басылым беттерінде жариялап келеді. Шығармаларының көбі тарихи фактілерге негізделе отырып жазылған.

 ИНТЕРШУМ:

РКС: Кездесу барысында шараға қатысушылар қаламгердің жеке өмірімен де, тарихи сырға толы өнерімен де танысты. Кешке Жылымды өңірінен қаламгердің немере қарындасы Раушан Шәріпжанова қатысты. Шара соңында, жазушының ізін жалғап келе жатқан Қайырбай Төреғожа шалқар ой мен шабыт, терең парасат пен пайым сыйлайтын танымды қаламгерге арналған өлеңін оқыды.

ИНТЕРШУМ:

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ