ДИКТОР: «Мақсатты мектептерді дамыту» жобасы мектептердегі білім деңгейін арттыруға және барлық оқушылар үшін сапалы білім алуға тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасауға бағытталған маңызды қадам. Ол оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен қолға алынып отыр. Тілшіміз Евгений Варанкин баяндайды.

РКС: «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығының облыстық филиалында деңгейлік ұзартылған бағдарлама шеңберінде мақсатты мектептердің мұғалімдері курстан өтіп жатыр. Ұстаздар өздерінің кәсіби міндеттерін атқару үшін қажетті пәндік білімдерін жаңартуды көздейді.

СНХ: ӘЛИЯ ИМАНОВА, «ӨРЛЕУ» ҰЛТТЫҚ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Біздің білім беру жүйесінің негізгі проблемасы оқыту сапасының төмендігі. Бұған халықаралық зерттеулердің нәтижелері дәлел бола алады. Еліміздегі мемлекеттік орта мектептердің 30 пайыздан астамы төмен нәтиже көрсетеді. Осыған байланысты оқу-ағарту министрлігі төмен нәтиже көрсететін мектептерді қолдау жобасын бастады. Оның ішінде Ақмола облысының да 16 мектебі бар. Кейіннен бұл тәжірибе мен осы жобаның нәтижелері еліміздің барлық мектептеріне таратылады.

РКС: Білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз етудің негізгі шарты мұғалімдердің кәсіби деңгейіне байланысты екені белгілі. Курсқа қатысушылардың бірі Зеренді аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлмира Жанаева.

СНХ: ГҮЛМИРА ЖАНАЕВА, ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ: Әдіскер-тәлімгердің негізгі міндеті мұғалімдерді тиімді әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастыру. Мақсатты мектептер мұғалімдердің құзыреттілігін арттыруға және дамытуға бағытталған. «Өрлеу» ұлттық орталығы біз үшін «Әдістемелік қызметті трансформациялау» курсын өткізді. Осыған байланысты мектептің жеке портреттері жасалды. Біз сабаққа қатысамыз. Мұғалімдерді сүйемелдеу, сабақтарды бақылау бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл жұмыс жыл бойы жүргізіледі. Жыл соңында өз мақсаттарымызға жетеміз деп үміттенеміз.

РКС: Бұл курстар онлайн форматта өтіп жатыр. Яғни, мұғалімдер өз міндеттерінен алшақтатпай өздерінің кәсіби дағдыларын жетілдіру мүмкіндігі бар.

СНХ: САЙРАН ҚОСПАНОВ, ВАСИЛЬКОВКА НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ-ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: Біздің ұжым «Өрлеу» ұлттық орталығымен және әдістемелік орталықпен бірлесіп курстық жұмыстар өтіліп жатыр. Бұл курстан жақсы білім алып жатырмыз. Соның ішінде, курсқа тоқталатын болсақ, әртүрлі әдіс-тәсілдер, теориялар, практикалар және видео сабақтар кездеседі. Бұл біздің жұмысқа оң әсер тигізуі сөзсіз. Біздің оқушыларымызға оң нәтиже береді деп ойлаймын.

РКС: «Мақсатты мектептерді дамыту» жобасы кешенді мониторингпен аяқталады. Осылайша, әзірленген жүйе мақсатты мектептерде оқу мен оқыту сапасын үздіксіз жақсартуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл табысты білім беру процесінің кепілі.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ