ДИКТОР: Ақмола өңірінде күзгі егін орағы қыза түскен. Жалпы аумақтың 2 миллион гектарына жуығынан дән жиналып алынды. Астықты ысырапсыз қамбаға құйып алу маңызды. Бұл тұрғыда "Ирченко Элеватор" серіктестігі іске кіріскен. 60 мың тоннаға жуық астықты қабылдауға қауқарлы.

РКС: Соңғы күндері толассыз жауған жаңбыр күзгі егін орағына айтарлықтай кесірін тигізіп жатыр. Элеваторға келіп жатқан астықтың ылғалдылығы тым жоғары. Астық қабылдау пункттері дәнді кептіру мен сақтау үшін тәулік бойы жұмыс істеу кестесіне көшкен. "Ирченко Элеватор" серіктестігі тәулігіне 70 тоннадан астам астық кептіреді. Серіктестіктің қоймалары биылғы жылдың алтын дәнін қабылдауға толығымен дайын.

СНХ: СЕРГЕЙ КРИВОШЕЕВ, "ИРЧЕНКО ЭЛЕВАТОР" СЕРІКТЕСТІГІНІҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Түнгі уақытта жұмыс істейтін бригада бар. Олар астықты кептіреді. Зертхана, өлшегіш құралдардың бәрі жұмыс істейді. Кептіргіштің сапасын да бақылайды. Астық тиелген көліктердің тәуліктің кез келген уақытында қабылдаймыз. 2 кептіргішіміз бар. Әрқайсысы тәулігіне 35 тонна өнімді кептіреді. Экологиялық таза отын-газбен жұмыс істейді. Сұйық отыннан да проблема жоқ. Бәрі жеткілікті. Қыркүйек айына жеткізуші компаниямен келісім-шарт жасалған. Сондықтан еш қиындық туындамайды.

РКС: Кәсіпорында 70-ден астам жұмысшы еңбек етеді. Орақ науқаны кезінде орташа еңбекақы көлемі де біршама өседі.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Астық жөнелту үшін серіктестік Қытай мен Ауғанстанның компанияларымен келісім-шартқа отырды. Бұдан бөлек тәулігіне 250 тонна өнімділігі бар диірмен де бар.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЗАРИНА БЕККАЛИЕВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.