ДИКТОР: Атом электр станциясы құрылысы жөніндегі облыстық халықтық штабының мүшелері қан орталығының ұжымымен кездесті. Жиында радиациялық қауіптер мен олардың қоршаған ортаға, халық денсаулығына әсеріне қатысты маңызды мәселелер талқыланды.

РКС: Спикерлер қазіргі уақытта атом энергетикасы жаңартылатын көздеріне қарағанда экологиялық таза "жасыл" энергияны алу тәсілі ретінде қарастырылатынын атап өтті. Шараға облыстық қан орталығының 30-дан астам қызметкері қатысты. Кездесу еліміздің болашағы үшін қауіпсіз және таза технологиялардың маңыздылығы жайлы пікір алмасу алаңына айналды деуге болады.

СНХ: ӘСЕМ НҰРМАНБЕКОВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЗАҢГЕРІ: Қан орталығының қызметкерлері еліміздегі атом энергетикасы, оны дамыту тақырыбында дәріс тыңдады. Біздің орталықтың барлық қызметкері қатысты. Менің ойымша, бұл әркімнің өз пікірін қалыптастыруға және референдумда дауыс беруге ықпал етеді.

РКС: Жиналғандар әлемнің түрлі елдеріндегі атом станцияларының жұмыс тәжірибесін жан-жақты талқылады. Ол ең алдымен адам мен табиғат үшін қауіпсіз екендігінің дәлелі. Балқаш көлінің тағдыры талқыланған тақырыптың бірі. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік атом электр станциясын салу жөніндегі референдум кезеңінде Қазақстанды қолдауға дайын екендігін білдіріп отыр. Ғылыми зерттеулер табиғи інжу-маржанның болашағына еш алаңдаудың қажеті жоқ екенін көрсетуде.

СНХ: МАРАТ ЫБЫРАЕВ, АЭС ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕСІ: Балқаш көлін ондаған жыл бойы ғалымдар бақылап келді. Бір қызығы, көктемгі су тасқынынан кейін биыл Балқаш көлінің деңгейі 25 сантиметрге дейін көтерілді. Атом электр станциясын салу туралы шешім қабылданған жағдайда суды пайдалану да біршама төмендейді.

РКС: Атом электр станциясын салған кезде суды пайдаланудың жабық кезеңін ұсынатын атом реакторларының қос контурлы кестесі қолданылады. Осылайша, өзеннің радиоактивті зақымдану қаупі жойылады. Кездесу соңында штаб мүшелері жиналғандарға алда өтетін референдум кезінде әр заматтың дауысының маңызды екенін тағы бір еске салды.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ