ДИКТОР: Ақмола өңірінде спорт саласына айтарлықтай көңіл бөлінуде. Әсіресе, каратэ спорт түріне. Бұл халықаралық жарыстарда байқалады. Жарыстарда жергілікті каратэшілер үздік нәтижелерге қол жеткізіп отыр.

РКС: Роман Пауков - Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, киокушинкай каратэден қоңыр белбеу иегері. Бұл спорт түрімен жеті жасынан бастап айналысып келеді. Он жылда көптеген жеңістерге жетті.

СНХ: РОМАН ПАУКОВ, КИОКУШКИНКАЙ КАРАТЭДЕН СПОРТ ШЕБЕРІНЕ КАНДИДАТ: Мен көптеген облыстық жарыстарда жеңіске жеттім. 2023 жылы Алматы қаласында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегерімін. Сондай-ақ жақында Болгарияның Варна қаласында өткен Әлем Кубогына барып келдім.. Онда үшінші орынды иелендім. Әр сайыстың алдында қызу дайындық өтеді. Дайындықты 2 ай бұрын бастаймыз. Көп жаттығамыз.

РКС: Роман Пауков - Ақкөл қаласындағы мектептің 11-ші сынып оқушысы. Ол сабақтан тыс каратэ үйірмесінің кіші топ мүшелерін жаттықтырады.

СНХ:МЕДЕУ ӘНУАРОВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Каратэ үйірмесіне балаларды 4 жастан бастап қабылдаймыз. Қазіргі уақытта 200-ден астам бала үйірмеге қатысады. Аптасына 3 рет жаттығу өтеді. Дүйсенбі-сәрсенбі-жұма. Біз оларды таңертең және кешке уақытта өткіземіз.

РКС: Мектепті бітіргеннен кейін 17 жасар спортшы жоғары оқу орнына түсіп, спорттық мансапты жалғастыруды жоспарлар отыр. Халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап, көк туды желбіретпек.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛИШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АКПАРАТ.