ДИКТОР: Көкшетауда спорт және балаларға арналған ойын алаңдары ашылды. Назарбаев даңғылының бойындағы 64-ші үйдің тұрғындары өз ауласын абаттандыруға зор үлес қосты. Жоба "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Бұл үйдің тұрғындары үшін жаңа ойын алаңдары нағыз мерекеге айналды деуге болады. Өйткені, бұған дейін балалардың ойнайтын дұрыс алаңы жоқ еді. Спортпен шұғылдануға да еш мүмкіндік қарастырылмаған-ды.

СНХ: АНЖЕЛИКА ТОЛПАКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Қуаныштан көзіме жас үйіріліп тұрғғанын жасырмаймын. Осы сәтті көп күттік. Кез келген адам мұндай жобаға еш ойланбастан қатысуы қажет деп есептеймін. Ақпан айында өтінім бердім. Конкурс наурыз айында өтті. Дауыс беру арқылы біз осы конкурстан өттік. Шілде айында осы алаңның құрылысы басталды.

РКС: "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы Көкшетауда бірнеше жылдан бері жүзеге асырылуда. Бұл бағдарламаның ерекшелігі - тұрғындар қоғамдық кеңістікті жақсарту үшін бюджет қаражатын бөлуге тікелей қатыса алады. Биыл аталған бағдарлама бойынша 19 жоба іске асырылып, оның 10-ына қатысты жұмыстар аяқталды.

СНХ: ДАНИЯРБЕК НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: Жылдың басынан бастап 50-дей проект болған. Қазіргі уақытта 19-ы өз мәресіне жетті деуге де болады. Қазіргі уақытта 10-ы аяқталуға тәмәм. 9-ымен жұмыс жасап жатырмыз. Бұл негізінен халық қатысатын бюджет, негізінен халықтың біздің қаражатымызды үнемдеу мақсатында және де халықтың және биліктің өзара тікелей өзара жұмыс арқасында пайда болатын дүниелердің бірі негізі.

РКС: «Халық қатысатын бюджет» жобасы 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Жыл соңына дейін 7 спорт және балаларға арналған 12 ойын алаңын салу жоспарланып отыр.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ