ДИКТОР: Атом электр станциясын салуға байланысты республикалық референдумның өтуіне 3 аптадан аз уақыт қалды. Еліміздің орталық сайлау комиссиясы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Көкшетауда комиссия жұмысын ұйымдастыруға қатысты оқыту семинарын өткізді. Семинарға аумақтық қалалық комиссия төрағалары, орынбасарлары мен хатшылары Облыс орталығындағы 77 учаскеден 235 адам оқытудан өтті.

РКС: Республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу орталық, сонымен бірге аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына жүктеліп отыр. Олар азаматтарға референдумның өтетін күнін, уақытын және дауыс беру тәртібін хабарлауға міндетті. Бұдан бөлек, оны өткізетін орынды дайындау, дауыс беруді ұйымдастыру, дауыстарды есептеу және қорытындысын шығарулары тиіс. Осылардың барлығын сапалы орындау үшін орталық комиссия аймақтарда көшпелі семинарлар өткізіп, барлық мәселені жан-жақты түсіндіруде.

СНХ: НИКОЛАЙ ПОЛИТКИН, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бәрі референдумның ұйымдасқан түрде өтуі үшін жасалып отыр. Үгіт-насихат жұмыстарымен айналыспаймыз. Сайлау күні ақпараттандырып отырамыз. Негізгі жұмысымыз осы. Яғни, дауыс беру қорытындысын шығарамыз. Облыс бойынша 4540 сайлау комиссиясы бар, соның бәрін оқытуымыз керек. Науқанға дейін олардың бәрі тиісті сертификат алуы шарт. Облыс бойынша уақытша келу учаскелері бойынша биыл ауқымды жұмыс жүргізілді. Біз оның санын 30 процентке ұлғайттық. Осылайша, азаматтарымыздың құықтары мейлінше қорғалған.

РКС: Семинар барысында оған қатысушылар референдумға дайындық және оны өткізуге қатысты негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарымен және «Республикалық референдум туралы» конституциялық заңмен танысты. Ұйымдастырушылар науқан кезінде мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау туралы ерекше атап өтті. Сондай-ақ қатысушыларға бақылаушылардың қызметі мен құзыреті жайында түсіндірілді. Семинар ақпараттық тұрғыдан аса пайдалы, -деп атап өтті тыңдаушылар.

СНХ: ТІЛЕГЕН АМАНГЕЛДІ, №6 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Әрбір участок бізде әрқашанда дайын.Үлкен мәселелер туындап жатқанын өздеріңіз естіген жоқсыздар. Тек қана сол адамдардың уақытында келуі, сол өзінің жаңағы участкесіне келіп дауысын беруі ең басты мәселе болып тұр бізде. Соның барлығын адамдарға жеткізу біздің жұмысымыз.

РКС: Семинардың теориялық бөлігі аяқталған соң оған қатысушылар қашықтықтан тестілеуден өтіп, практикалық кезеңіне көшті. Кейстерді жан-жақты талқылап, интерактивті форматта штаттан тыс жағдайларды қарастырды.

ИНТЕРШУМ:

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ