ДИКТОР: Ақмола облысында астықтың 40 процентке жуығы орылды. Диқандар үшін әрбір күн маңызды. Қазіргі уақытта алқаптарда қызу жұмыс жүріп жатыр. Себебі қолайлы ауа райын мейлінше пайдаланып қалу қажет. Жиналған өнімнің ылғалы жоғары. Сондықтан кептіргіштер кеңінен қолданылуда.
КСМ: Зеренді ауданындағы «Диқан плюс» серіктестігі қолайлы ауа-райын пайдаланып орақ науқанын қызу жүргізіп жатыр. Алқаптарда 15 комбайн жұмыс істейді. Күніне 1000 тоннадан астам астық жиналады. Серіктестік биыл 24 мың гектарға дән сіңірген. Егіннің шығымы жақсы. Гектарынан 20-25 центнерден.
СНХ: ДЕНИС ШВАЙБОВИЧ «ДИҚАН ПЛЮС» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Біз өз күшімізбен күніне 200 тонна бидайды кептіреміз. Сондай-ақ, 600 тоннадай элеваторға жөнелтеміз. Олар да кептіреді. Ал кепкен астықты полиэтиленнен жасалған ұзындығы 75 метр қаптарға саламыз. Ол үшін арнайы техника бар. Жалпы орақ науқаны қарқынды жүріп жатыр.
КСМ: Ал «Агрофирма Бурабай-2007» серіктестігі 31 мың гектар алқапқа егін еккен. Оның 21 мыңында бидай. Қалғаны арпа, зығыр, күнбағыс. Биыл өнім мол. Шығымдылығы – гектардан 21 центнерден. Ендігі мақсат - сол астықты жинап алу. Түн салқын. Сондықтан ылғал жоғарылайды. Салдарынан тәулік бойы жұмыс істеуге мүмкіндік жоқ. Десе де, диқандар барынша жұмыс істеп жатыр.
СНХ: ҚАНАТ ЕРБОЛОВ «АГРОФИРМА БУРАБАЙ-2007» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Орақ науқаны басталғанда алқаптарда 26 комбайн жұмыс істеді. Кеше ғана «ҚазАгроҚаржы» арқылы тағы 4 комбайн алдық. Жақын арада тағы екі жаңа заманауи комбайн жеткізілмек. Қамбада жұмыс тәулік бойы жүргізіледі. Астықты кептіреміз. Ал ылғалы жоғары бидайды элеваторға жөнелтеміз.
КСМ: Бұл екі ғана серіктестік. Облыс аумағындағы барлық шаруашылықтарда осындай жағдай. Астықты жинап алу үшін күнделікті күрес жүріп жатыр. Диқандардың еңбегі ақталып, мол өнім қамбаға құйылады деп сенеміз, - дейді сала мамандары.
ЕРМЕК ЕЛБЕРГЕНОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ