ДИКТОР: Өткен жексенбіде Ақмола облысында 20 елдімекенде әкімдердің сайлау өтті. 10 ауылдық округте және 9 ауыл мен 1 аудандық маңызы бар қалада тұрғындар өз таңдауларын жасады. Барлығы 75 үміткер сайлауға түсті. Оның 9-ы "AMANAT" және "Ауыл" саяси партиясынан, ал 66 кандидат өзін-өзі ұсынғандар. Айта кетейік, 7 үміткер мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарына сәйкес келмегендіктен сайлауға қатысу мүмкіндігінен айырылды. Әріптесім Лаура Дәулетбек баяндайды.
РКС: Зеренді ауданына қарасты Симферополь ауылдық округі бойынша 3 кандидат сайлауға түсті. Үміткерлерге 500-ден астам сайлаушы дауыс берген. Таңғы сағат жетіден бастап жергілікті тұрғындар ауылдық мәдениет үйінде орналасқан нөмірі 545 сайлау учаскісіне келе бастады. Олардың қатарында Шыңғыс Әбілмәженовта бар.
СНХ: ШЫҢҒЫС ӘБІЛМӘЖЕНОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Өз таңдауымызды жасадық. Енді, Алла жазса болашаққа сеніммен қараймыз. Ауылымыз әрі қарай көркейіп, жақсы дамиды деп ойлаймыз.
РКС: Ал, Зеренді ауданына қарасты Қонысбай ауылына әкімдікке 5 кандидат тіркелген. Тұрғындар тұрақты мекенжайы бойынша нөмірі 533 сайлау учаскесінде дауыс берді.
СНХ: ДИНАРА БӨБЕНТАЕВА, №533 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Жоспарымыз бойынша 417 адам сайлауға қатысуы керек. Бізде 5 үміткер бар. Оның ішінде 2-еуі жергілікті тұрғындар және де сырттан келгендер. Халқымыз дұрыс таңдау жасайды деп ойлаймыз. Ауылымыз көркейетіне сенеміз!
РКС: Округ әкімін халықтың өзі сайлауы өте дұрыс шешім. Бұл - әкімнің халыққа жақын болуына сеп,-дейді сайлаушылар.
СНХ: ҚАЙЫРТАЙ ЖАҚЫПОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Сайлауға келіп тұрмыз. Елімізді көркейтетін шығар деп таңдауымызды жасадық. Жергілікті әкімдердің сайлауына шыққан заңды біз құптаймыз. Не болсада, енді әкіміміз елімізді көркейтетін шығар деп. Ауылдың көшесін, тұрмысымызды жақсартатын шығар деп ойлаймыз, соған сенімдіміз.
РКС: Сайлау қорытындысы бойынша Симферополь ауылының әкімі болып Әнуарбек Иманғалиев, ал Қонысбай ауылының әкімі болып Жасқайрат Еслямбеков сайланды. Степногорск қаласына қарасты Қырыққұдық ауылының әкімдігіне 3 кандидат ұсынылған. 300-ге жуық сайлаушының 250-і Дулат Жахинге дауыс берді. Ал, Алтынай Белялова 361 дауыспен Атбасар ауданына қарасты Ақан Құрманов ауылының әкімі болып сайланды. Жарқайың ауданына қарасты Үшқарасу ауылының әкімі болып Серік Мусин сайланды. Сондай-ақ, Құмсуат ауылының әкімдігіне 3 кандидат сайлауға түсіп, 115 дауыспен Берік Рақымжанов жеңіске жетті. Талғат Ахметов Ерейментау қаласының әкімі болып сайланды. Ол 1 мыңнан аса дауыс жинаған. Сонымен қатар, Майлан ауылының 200-ден астам тұрғыны Манас Руленовқа дауыс берген. Ал, сайлауда жеңіске жеткен Қанат Қанафин Аршалы ауданына қарасты Жібек жолы ауылдық округінің әкімі болды. Қайрат Ахметов Егіндікөл ауданына қарасты Алакөл ауылының, ал Гайдар Ахметжанов Қоржынкөл елдімекенінің әкімі болып сайланды. Ал, 300-ге жуық дауыспен Сайранбек Ахметов жеңіске жетті. Ол Жақсы ауданы Қызылсай ауылдық округінің әкімі болып еңбек етпек. Сондай-ақ, Елжас Сыздықов осы аудандағы Киевское ауылының әкімі болып сайланды. Қорғалжын ауданына қарасты Қарашалғын ауылдық округі әкімдігіне Әділхан Тәжмағанбетов сайланды. Сондай-ақ, Целиноград және Сандықтау аудандарына қарасты бірқатар елдімекеннің әкімдері де сайланды.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ