ДИКТОР: Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың Ақмола облысына жұмыс сапар барысында Бұланды ауданының Журавлевка, Иванковка және Вознесенка ауылдарында салынып жатқан үйлердің құрылыс барысымен танысты. Жаңа баспана су тасқынынан зардап шеккен және апатты деп танылған ауыл тұрғындары үшін "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының қаражаты есебінен салынып жатыр.
РКС: Журавлевкада 42, Ивановкада 41 үй салынып жатыр. Ал Вознесенкада 16 баспана бой көтеруде. Әр үйге 10 сотық жер телімі бөлінген. Барлық қажетті коммуникация да тартылған. Іргелес аумақты абаттандыру жүріп жатыр. Қанат Бозымбаев әкімдікке қалған тұрғын үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды. Ішкі әрлеу жұмыстары үшін қосымша жұмыс күші тартылады. Мердігерлер бұдан бұрын басқа жобаларға қатысқан жұмысшыларды жұмылдыруға уәде берді.
СНХ: ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бір үйге 4-5 жұмысшы жеткілікті. Мұнда жұмыс 4 күннен кейін басталады. Егер 10 үй болса, онда 40 адам керек. Олар 4 күннен кейін босамайды. Аптаның соңына дейін осы жердің әрлеу жұмыстарын аяқтасаңыз, соның өзі жақсы болады. Сонымен қатар, нысан ішінде терезе мен есік ойықтарын жасау жұмыстары бар, линолеум төсеу қажет. Бұл жерге 40 адам керек. Тезірек табыңыз.
РКС: Сондай-ақ, вице-премьер қысқа мерзімде орталықтандырылған сумен жабдықтауды және электр қуатының жеткіліксіздігі мәселелерін шешуді тапсырды. Ол ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қоры әзірлеген жаңа баспана жобасының артықшылығын атап өтті. Бұланды ауданындағы баспана құрылысына жергілікті өндірістің сертификатталған материалдары пайдаланылып жатыр. Жылуды ұстап тұратын материал мен газоблок Макинк қаласында, ал кірпіш Көкшетау қаласында өндіріледі.
СНХ: ДАНИЯР НҰРПЕЙІСОВ, АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРДЫ ТҰРАҚТЫ ДАМЫТУ ҚОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Біз жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеп, тұрғын үйдің сыртқы және ішкі жөндеуіне қатысты шешімдерді ұсындық. Тұрғын үйлер, жеке ас бөлмесі бар 80 шаршы метрден тұратын үш бөлмелі пәтерлер. Құрылысқа сапалы заманауи материалдар қолданылды. Әр үйге су тартылып жатыр. Ұзақ жанатын пештер орнатылуда. Инженерлік инфрақұрылым тартылып, жеке септиктер қазылды. Жер телімін жобалау кезінде елді мекендердің орталық бөлігіндегі учаскелер таңдалды. Яғни, жаңа шағын аудан салмай, ауылдағы үйлердің арасын жиілеттік.
РКС: Айта кетейік, осыған дейін Капитоновка ауылында 15 отбасы жаңа баспана кілтін алған еді. Жайлы әрі кең баспана қоныстануға толық дайын түрінде пайдалануға беріледі.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ