ДИКТОР: Биыл ақмолалық спортшылар XXXIII Жазғы Олимпиада мен XVII Паралимпиада ойындарында ел намысын қорқап, қоржынға бірқатар жүлде әкелді. Осы ретте, аймақ басшысы Марат Ахметжанов жеңімпаз болып келген жерлес спортшыларға құрмет көрсетіп, ақшалай және пәтер сертификаттарын табыстады.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Еркін Ғаббасов XVII Жазғы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Ол R1 классында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сыңға түсіп, 247,7 ұпай жинады. Осылайша, ол ел қоржынына алғаш рет күміс жүлде салды. Бүгінде мемлекет тарапынан жеңісті жеңісі үшін 2 бөлмелі пәтер берілді. Сонымен қатар, 20 миллион ақшалай сертификаттын иегері атанды. Алдағы Жазғы Паралимпиада ойынында ел қоржынына алтын түсіру үшін бар күш-жігерімді салып дайындаламын,-дейді Еркін Ғаббасов.

СНХ: ЕРКІН ҒАББАСОВ, XVII ЖАЗҒЫ ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ: Осылай болады деп ойлаған жоқпыз. Көп армандарым орындалып жатыр. Алдағы жоспар келесі Паралимпиадаға дайындалу. Қазақстанның туын Кореядан жоғары қойып, аспанға шығару. Кәрісті жеңгім келіп жүр. Соңы жеңемін деп армандап жүрмін. Сол мақсатқа Алла бұйырса, осындай қалдау болып жатса жетемін деп ойлаймын.

РКС: 40 жастағы Еркін Ғаббасов спорттың бұл түрімен 10 жылдан астам айналысып келеді. XVII Жазғы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері 3 баланың әкесі. Пара мерген жетістікке жету жолында жанкүйерлерден бөлек анасы мен жұбайының қолдауы зор болғанын атап өтті. Жан жарым менің барым да, нарым да. Оған қолдау көрсету менің басты міндетім, -дейді Шынар Ғаббасова.

СНХ: ШЫНАР ҒАББАСОВА, ЕРКІН ҒАББАСОВТЫҢ ЖҰБАЙЫ:///қаз///Әрине, бұл ең біріншіден үлкен мақсат болды. Қуаныштада тұрды ішім, бір жағынан уайымдап тұрдым. ҚАндай жүлде болады деп. Бірақ, Ерекен тырысты. Осы екінші орын алса да, бізге үлкен бір мәртебе. Қуаныш сондай бір қатты болды. Сезімді айтып, жеткізу қиын.

РКС: Айта кетейік, пара споршыларымыз "Мерген" пара спорт клубының мүшелері. Клуб 2009 жылдан бері мықты споршыларды дайындап келеді. Бүгінгі таңда 80-нен астам споршы бар.

СНХ: АРДАҚ ТӨЛЕНДИН, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Пара спорт түрінен өзіміздің "Мерген" спорт клубымыз бар. Сол клубта осы спортшылар дайындалды. Спортшыларымз жақсы нәтиже көрсетті. Болашақта спортшыларымыз дайындықтарын жалғастырады. Біз өзіміздің қолдауымызды жалғастырамыз. Одан да күшейтеміз. "Мерген" пара клубында көптеген басқа да спортшылар бар. Сол спортшыларға көмектесіп, болашақта осындай чемпиондар көп болсын деп Қазақстан құрама командасына Ақмола облысынан үлесімізді қосуға жұмысымызды әрі қарай нығайтамыз.

РКС: Сонымен қатар, шара барысында Давид Дегтярёвке 3 бөлмелі пәтер мен ақшалай сертификат табысталды. Ал, Карина Ибрагимова, Андрей Чугай мен Әмір Мұратбековке тұрмыстық заттар сатып алуға сертификаттар берілді.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ