ДИКТОР: Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «Қазақстанда атом энергетикасын дамыту перспективалары» талқыланды. Дөңгелек үстел басындағы кездесуге профессорлар, техника ғылымдарының докторлары мен студенттер қатысты.

РКС: Іс-шара студенттердің атом электр станциясының перспективалары мен артықшылықтары туралы түсінігін арттыруға бағытталған. Отырысқа қатысушылар елдегі энергия тапшылығы мәселесін шешудің мүмкін жолдарын қарастырып, әрқайсысы өз ой-пікірін ортаға салды. Экономиканың дамуы мен өсуі үшін энергия сыйымдылығын және энергиямен жабдықтау қауіпсіздігін арттыру қажет, - дейді ғалымдар.

СНХ: САҒАТ МҰХАМЕДИН, АЭС ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕСІ: Жалпы еліміздің энергеткалық қамтамасыздығы әлі өз орнына келген жоқ деп айтамын. Бізде электр энергиясының қуаты пайдалануға берілген өте аз. Біздің елімізде 222 жылу электр станциясы жұмыс істеп тұр. Соның 80 пайызы ол мынау өзіміздің Екібастұздың көмірімен жұмыс істеп тұр. Көптеген жылу электростанциялардың бәрі ескірді. Олар баяғы ерте кеңес үкіметі тұсында салынған. Олардың көбі істен шығып жатады. Міне осындай жағдайлар болмау үшін атом электр станциясының жаңағы салынуы, оны пайдалануға берілуі өте қажетті, өте қазіргі осы нағыз мезгіліне қаралып отырған мәселе.

РКС: Конференция барысында атом электр станциясын салудың оң тұстары, оның қауіпсіздігі, сондай-ақ атом энергиясының ел экономикасына қосатын үлесі жайлы жан-жақты сөз болды. Студенттердің пікірінше, дамыған елдердің қатарына кіру үшін уран өндіру әдістерін жетілдіріп, осы саладағы білікті мамандарды тарту қажет.

СНХ: ТЕМІРЛАН ЖАНӘДІЛОВ, МАГИСТРАНТ: Атом электр станциясын құрса Қазақстанда өзі ол атом электростанциясымен жұмыс істей алатын адамдар керек. Шет елден білетін адамдарды шақырып,біздікілерді үйретіп, Қазақстанның азаматтарын, ертең өзіміз алып кетсек оны, бір жағынан расында да Қазақстанға көптеген болашақта өзіміздің электро станциямыз болушы еді, өзіміздің негізгі тоқпен қамтамасыз етіп тұрушы едік.

РКС: Шараға қатысушылар атом энергетикасы саласындағы білім деңгейін арттырып, атом электр станциясын қолданудың артықшылықтары мен перспективалары туралы ақпарат алды. Сондай-ақ қазанның 6-сында өтетін жалпыұлттық референдумға қатысуға дайын екендері туралы пікір білдірді. Маңызды мемлекеттік мәселелерді шешу үшін дауыс беру - әркімнің азаматтық борышы, - дейді олар.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ