ДИКТОР: Облыста білім саласына айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Өскелең ұрпаққа сапалы білім беру бүгінде маңызды міндеттердің бірі. Осыған орай, өңірде бірқатар білім ошақтары салынып, 2 ауысымдықтан арылдық. Ал, мектеп табалдырығын аттамас бұрын балғындар үздіксіз білім беру орталықтарында тәлім-тәрбие алады. Осы ретте, Есіл ауданында "Сана" үздіксіз білім беру орталығы ашылды. Жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы Марат Ахметжанов орталықтың тыныс-тіршілігімен танысты.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Бүгінгі таңда орталықта 80 балғын үздік білім алуда. Олар қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеріп, мектеп бағдарламасы деңгейінде әртүрлі дайындықтардан өтуде. Сонымен қатар, аймақ басшысы Марат Ахметжанов орталыққа ноутбук пен принтер сыйға табыстады.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ГҮЛДЕН ЖАРЫЛҒАПОВА, "САНА" ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Біздің мақсатымыз - Есіл ауданымыздың жас өспірімдерінің білім деңгейлерін дамыту.

РКС: Сонымен қатар, өңір басшысы Есіл аудандық тарихи-өлкетану мұражайының тыныс-тіршілігімен танысты. Мұражай 2021 жылы ашылды. Мұнда көне шаһардың тарихынан сыр шертетін 300-ден астам құнды жәдігер қойылған. Музейде тіпті Есіл ауданынан шыққан майдангерлерге арналған бұрыш та бар.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Жұмыс сапары соңында аймақ басшысы Есіл ауданының тұрғындарымен есепті кездесу өткізді. Онда бірқатар әлеуметтік мәселелер сөз болды. Әсіресе, кәсіпкерлік саласына баса назар аударылды. Облыс әкімі кәсіпкерлерді ауданның дамуына сүбелі үлес қосуға шақырды.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Халықтың әл-ауқатын жақсартуға бүкіл жағдай өз қолымыздағы деген мәселе. Өйткені, өсім болған жерде, әрине кіріс болады. Кірістің арқасында біраз жобалар орындалады. Бірақ, осындай міне керекті әлеуметтік жобалар. Жол мәселесі, су мәселесі, жарық мәселесі, жылу мәселесі. Мәдени кешендерді салу, білім кешендерін салу, денсаулық кешендерін салу. Бәріне көңіл бөлінеді.

РКС: Кейін аймақ басшысы жеке мәселелерімен шағымданған жергілікті тұрғындарды қабылдады. Онда баспана, жер және коммуналдық инфрақұрылымға байланысты даулы мәселелері көтерілді. Өңір басшысының қабылдауына келген азаматтардың арыз-шағымдары жауапты органдарға жіберілді. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов жауапты сала мамандарына жедел түрде тиісті шараларды қабылдауды міндеттеді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Сондай-ақ, аймақ басшысы Марат Ахметжанов күзгі дала жұмыстарымен танысты. Егіс алқаптарын аралап, өңір диқаншыларымен кездесті.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Танап басында тірлік қайнап тұр. Есілдік диқандар қыркүйектің соңында орақ науқанын аяқтауды жоспарлап отыр. Биыл аудан бойынша 439,7 мың гектар алқапқа дән сіңірілген. Бүгінде оның 30 проценттен астамы жиналды. "Тней Агро" серіктестігі "Кең Дала - 2" бағдарламасы аясында қаржы алып, уақытылы қажетті құралдар мен жабдықтарды сатып алды.

СНХ: ДАМИР БАЛДАНОВ, СЕРІКТЕСТІК БАСШЫСЫ: Биыл облыста алғашқылардың бірі болып «Кең дала – 2» бағдарламасы бойынша қаржы алдық. Мемлекет тарапынан осындай қолдау барына ризамын. Бағдарлама арқасында қажетті құрал-жабдықтарды сатып алдық. Қаржыны толық меңгере отырып, біз уақытылы орақ науқанын бастадық. Бүгінде астық түсімі гектарына 20 центнерден асып отыр. Менің ойымша, бұл аймақ үшін жақсы көрсеткіш.

РКС: Айта кетейік, биыл өңірде 5 млн 400 мың гектар жерге дән себілген. Оның басым бөлігі бидай. Күзгі орақ науқанына 9 мыңға жуық техника жұмылдырылды. Жанар-жағармай қоры да жеткілікті. Өңір диқаншыларына биыл Үкіметтен арзандатылған бағада 80 мың тоннадан астам дизель отыны да бөлінді.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ