Негізгі Жаңалықтар «Тіл-таным» клубы ашылды

«Тіл-таным» клубы ашылды


ДИКТОР: Зеренді ауданындағы тілдерді оқыту орталығының жанынан «Тіл-таным» клубы ашылды. Айта кетейік, клуб өз жұмысын жылдың басынан бері жүргізіп келеді. Қазір оның 25-ке жуық мүшесі бар, арасында өзге ұлт өкілдері де бар. Аталған клубтың салтанатты ашылуы өтті.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Әр тіл-өзінше бір тұтас әлем, асыл құндылықтардың бірі. Бүгінгі күннің заманауи талабы-тілдерді үйрену. Сондықтан, алдына мақсат қойып, бірнеше тілді меңгеруге ниет еткен түрлі мекеме қызметкерлері орталық жанында мемлекеттік тілмен қоса ағылшын тілінен де дәріс алуда.

СНХ: СӘНДІБЕК НҰРШӘРІПҰЛЫ, ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Қаңтар айынан бері біздің орталықта 130-дан астам мемлекеттік қызметкерлер білім алып келе жатыр. Соның ішінде өзге ұлт өкілдері 38-ден асады. Биылғы біздің ең басты жаңалығымыз «Тіл таным» клубы болып саналады. Тіл таным клубының негізгі мақсаты-қазақтағы көнерген сөздерді дәріптеу, және қазақтың болмысына сай салт-дәстүрлерді жас ұрпаққа жетілдіру, жеткізу болып табылады.

РКС: Клуб мүшелері аптасына бір жиналады. Клубтың ерекшелігі – оның қатысушылар ұлттық киімді кию арқылы насихаттап, құндылықтарды жаңғыртуға үлес қосады. Сонымен қатар сауалнамалар жүргізіп, түрлі тақырыпқа бейнебаян түсіру арқылы да жүзеге асырады.

СНХ:АЙТОЛҚЫН ҚАЙРАТҚЫЗЫ, «ТІЛ-ТАНЫМ» КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Тіл таным клубының жалпы ашылудағы мақсат «Тіл таным» клубының қатысушыларымен бірге және өнерпаздарымен бірге түрлі тақырыпта сценарий жазып сахналық қойылымдар арқылы халыққа көрсете білу. Ата-әжелерімізбен және де өзге ұлт өкілдерімен бірге түрлі тақырыпта «Танабау» секілді көріністерді көрермендерге, халқымызға жеткізіп берудеміз.

РКС: Шара барысында клуб мүшелерінің қатысуымен «Танабау тағу» көрінісі қойылды. Бұл ертеден келе жатқан дәстүр. Бірақ қазірде ұмыт қалған жөн-жоралғының бірі. Ұл немесе қыз бала ата-анасына қолғабыс еткенін көрген туған-туыс немесе көрші қолаңы түйме-тана, білезік тағып жібереді екен. Оны танабау деп атайды. Шара соңында аудандық, облыстық байқауларға белсене қатысып жүрген клуб мүшелері Зеренді ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

САБИНА ЖАМШИТОВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ


Бөлісу