ДИКТОР: Көкшетау аңшылар мен балықшылар қоғамы Шағалы су қоймасын балықтандыруға арналған акция ұйымдастырды. Барлығы 20 мыңнан астам сазан балықтары тоғанға түсірілді. Бұл шара балық ресурстарын толықтырып оларды сақтап қалу мақсатында жыл сайын жүргізіледі.

РКС: Су қоймаларын балықтандыру - бұл балықты өсіру мен көбейту үшін жүргізілетін қоныстандырудың ұзақ әрі күрделі үрдісі. Әдетте олардың өзара бәсекелес емес түрлері қолданылады. Бүгінгі таңда Шағалалы су қоймасында шортан, сазан, қарабалық, табан, балпан, және алабұға бар. Балықтарды су қоймасына қоныстандыру үшін балықты жақсы үйлесетін және су организмдерінің қолайлы тепе-теңдігін сақтайтындай етіп таңдау керек.

СНХ: ШАЙМҰРАТ ШӘЙМЕРДЕНОВ, ҚОРЫҚШЫ: Бүгін біз сазан балықтарын су қоймасына жібереміз. Сигалетка - бұл шабақтан сәл үлкен. Бұл бір жасар балыққа ұқсайды. Ол шабақтан үлкен. Бұл су қоймасына азды-көпті келеді.

РКС: Балықтандырудың нәтижелі болуының негізгі шартының бірі - дұрыс тасымалдау. Температура тепе-теңдігін сақтау қажет. Әйтпесе, процесс кезінде балық стрессті сезінуі мүмкін. Сондай-ақ, температураның тәуліктік көтерілуін болдырмау маңызды, - дейді мамандар.

СНХ: ШАЙМҰРАТ ШӘЙМЕРДЕНОВ, ҚОРЫҚШЫ: Балықтар Зеренді питомнигінен алынады. Міне, менің артымда балық әкелетін көлік тұр. Біз науаның және қорықшылардың көмегімен, балықтардың басқа ортаға ыңғайлы және ауыртпалықсыз түсуін қамтамасыз етеміз. Егер басқа су айдындарымен салыстыратын болсақ, қазіргі уақытта балықшылар біздің Көкшетау су қоймасында ең көп балық өнімін аулауға болатын біледі. Себебі, мұнда балық әлдеқайда көп.

РКС:Айта кетейік, бұл су қоймасы қалалық қорықшылар мен балықшылар қоғамына бекітілген. 10 жылдан астам уақыт бойы қоғамның қорықшылары балық аулаумен қатар су нысанын санитарлық қорғау бойынша шаралар жүргізіп, балықтар популяциясының динамикасын жүйелі түрде бақылап, олардың көбеюін қадағалап отырады. Нәтижесінде су қоймасын мекендейтін балықтардың саны артып келеді.

САБИНА ЖАМШИТОВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ