ДИКТОР: Облыстық халықтық штабының өкілдері атом электр станциясы құрылысы мәселелеріне қатысты "Қазақстан темір жолы: жүк тасымалы" акционерлік қоғамы облыстық филиалының ұжымымен кездесті. Шараның негізгі мақсаты Қазақстанда атом электр станциясы құрылысының негізгі аспектілерін түсіндіру. Тілшіміз Евгений Варанкин баяндайды.
РКС: Кездесуде халықтық штабының спикерлері болашақ атом электр станциясының орналасатын жері, экология және қауіпсіздік мәселелерін қозғады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері тақырыбына ерекше назар аударылды.
СНХ: ДАСТАН ӘКІМОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Халық арасында атом электр станциясы құрылысы кезінде сыбайлас жемқорлық орын алмай ма деген сұрақтар туындайды. Бұл өте үлкен жоба, ауқымды құрылыс болады. 8 мыңға жуық жұмысшы күші тартылады. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін ол жерде 2 мыңдай адам жұмыс істейді. Атом электр станциясы стратегиялық маңызы бар нысан. Сондықтан оған Қазақстан ғана емес, Атом Энергиясы Жөніндегі Халықаралық Агенттік бақылайды. Құрылыс басталғаннан пайдалануға берілгенге дейін үнемі қадағаланады.
РКС: Жиналғандар талқылауға белсене қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Штаб өкілдері шешім қабылдау кезінде ашық диалог пен жұртшылықтың пікірін ескерудің маңыздылығын атап өтті.
СНХ: ҒАЛЫМЖАН РАХМЕТҰЛЫ, «ҚТЖ: ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ КӨКШЕТАУ-1 СТАНЦИЯСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Бізге «Аманат» партиясының өкілдері келді. Бізге атом электр станциясының артықшылықтары туралы айтылды. Көптеген қызықты және пайдалы ақпарат болды. Менің ойымша, АЭС-бұл бізге қажет нәрсе. Себебі елде электр қуаты жетіспейтіні белгілі. Атом электр станциясының құрылысы осы мәселені шешуге көмектеседі.
РКС: Кездесуге жиналғандар сындарлы диалог және әрбір қатысушының жауапты азаматтық ұстанымы болуы керек деп тарқасты. Себебі, Қазақстанда атом электр станциясын салу еліміздің әрбір азаматы үшін маңызы зор.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ