ДИКТОР: Толасыз жауған жаңбырдан ақмолалық диқандар да егінге орақ сала алмай отыр. Өңірде күні бүгінге дейін 5 миллион 400 мың гектар алқапқа егілген астықтың небәрі 19 пайызы жиналған. Оның сапасы да көңіл көншітпейді.

РКС: Су тиген бидайдың сапасы нашар. Масағы өсіп, дәнегі қарайып кеткен. Биыл жүздеген гектар аумаққа егін еккен Медет Сейфилмаликов жиған-тергенін астық сақтайтын орындарға апарып тапсырған. Алайда, орылмағаны толассыз жаңбырдың астында қалыпты. Қазір басым бөлігі бүлініп, дымқылданып кеткен.

СНХ: МЕДЕТ СЕЙФІЛМӘЛІКОВ, ШАРУА: Биыл 4, 5 класс алып жатырмыз. Клейковина болмайды. Басында алғандай клейковина болған. Енді қазір вообще жоқ дейді. Нан шикі дейміз ғой. Шикі болады ғой нан. Вот осы егіннен болады ол. Осы жаңбырдан кейін нан осы шикілеу болады. Ол көтерілмейді. Дұрыс піспейді.

РКС: Қазір шаруалар су тиген өнімді астық сақтайтын орындарға жеткізіп жатыр. Жалпы облыста 66 элеватор жұмыс істеп тұр. Биыл өңір диқандарына бидайды кептіру үшін 22 мың тонна жанар-жағармай мен 1 мың куб сұйытылған газ бөлінді.

СНХ:МАРАТ САУЫТОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Ауа райының қолайсыздығына байланысты қазір егін алқаптарына техника кіргізудің өзі қиын. Себебі, бәрі әлі батпақ болып, езіліп жатыр. Ол астықтың сапасына да әсер етері сөзсіз. Алдағы уақытта күн ашылса, орақ науқаның қазан айының басына дейін аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ