ДИКТОР: Есіл ауданында 21 отбасы жақын арада қоныс тойларын тойламақ. Көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге облыс әкімі Марат Ахметжанов салтанатты түрде жекеменшік сектордан 3 бөлмелі үйдің кілттерін табыстады. Жылдар бойы апатты деп танылған баспаналарда тұрып келген отбасылар 3 айда үйлі болды. Айта кетейік, бұл баспаналарды «Нұр Астана құрылыс» серіктестігі жеке қаражатына салып берді.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Көктемгі су тасқынынан зардап шеккендердің бірі – Қыстаубаевтар отбасы. Жарты ғасыр бұрын салынған үйінің ішіне шамамен 60 см-ге дейін су көтерілген. Салдарынан үй де, ондағы мүлік те жарамсыз болып қалған. Бүгінгі таңда жаңа баспанының иесі болғаныма қуаныштымын,-дейді көпбалалы әке.
СНХ: БӘРИ ҚЫСТАУБАЕВ, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Жаңа үйлерді көріп қуанып жатырмыз. Су тасқыны кезінде бәрі бізге қамқор болды. Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа алғысым шексіз! Үйіміз жақсы, сыйлы, әдемі.Жаңа үйімізді биіктек жерге салды, соған қуанып жатырмыз.
РКС: Сондай-ақ, топан судан зардап шеккен 16 отбасына елдімекеннің кез-келген шағын ауданынан қалаған пәтерін алу мүмкіндігі беріліп, баспаналы болды. Ал, апатты деп танылған 40-қа жуық ескі үй сүрілмек. Баспана иелерімен кездескен аймақ басшысы Марат Ахметжанов оларды жаңа қоныстарымен құттықтады.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Біз осындай сын сағатта бәріміз бірігіп, осы су тасқынында болдық. Жаппай бір адамдай, бір ел болып бәріміз. Ауызбіршілік көрсетіп тасқынға тосқауыл қойып, бүгін міне жақсы нәтижелерге қол жеткізіп жатырмыз. Президенттің үндеуіне құлақ салып келіп осы міне жақсы бір көше салынды. Биыл бағдарлама өзгеріп жатыр. Енді осындай жаңа үйлерді салып, оны мұқтаж адамдарға табыстау бағдарламасы басталып жатыр. Осы жерге тағы да, тағы да қосымша үйлер салынады. Бұл жоспарымызда бар. Қаражат бөлінді.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Жалпы, аймақта зардап шеккен 200-ге жуық отбасының жарамсыз деп танылған мүліктеріне арнайы өтемақы төленді. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
ИНТЕРШУМ:
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ