ДИКТОР: Республика күнін мерекелеуге арналған шаралар жоспары облыс аумағында басталып кетті. Осыған орай «Ақындар айтысы» жоспарына сәйкес Арқаның айтыскер ақыны Арман Бердалин Абай атындағы 3-ші мамандандырылған мектеп-интернатының оқушыларымен кездесті. Іс-шарада ақиық ақын өнер жолын тілге тиек ете, өлеңдерін оқыды. Дарынды оқушылар ақынның өмірбаянына қатысты сұрақтар қойды.

РКС: Арман Бердалин 1983 жылы Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Айсары ауылында дүниеге келген. 4 жасынан бастап қара домбыраны қасына серік етіп, талай айтыс сахнасының жұлдызы атанып, елдің қошеметіне бөленген жан. Ақын тіл мен дін, тәрбие туралы жазған өлеңдері мен кітаптары аз емес. Соның бірі - "Жоқ, іздеп жүрмін" атты термесі. Тыңдармандардың көңілінен шыққан туынды былтыр жарық көрді.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: АРМАН БЕРДАЛИН, АЙТЫСКЕР АҚЫН: Жоқ, іздеп жүрмін" деген кітабым, ол жерге соңғы кездері жазған өлеңдерім басы құрастырылған. Ол жерде біз талай жоғалтып алған құндылықтарымызды жоқтайтын. Соны іздеу мақсатында біз қандай едік? Бұрынғы аталарымыз домбырамен, ал біз қазір батыстың эстрадасына бұрылдық. Бұрын ұлдарымыз қандай еді, өқыздарымыз қандай еді деген дабыл қағатын дүние.

РКС: Мұндай кездесулер арқылы айтыс өнерін қайта жандандырып, брендке айналдыруға болады,-дейді арқаның айтыскер ақыны.

СНХ: АРМАН БЕРДАЛИН, АЙТЫСКЕР АҚЫН: Кез-келген әр нәрседе адамдарға үлгі көрсету арқылы адамды тартуға болады. Қазіргі таңда төл дүниелеріміз қайта қайтып келе жатыр. Мысалғы, шапан ұлттық киіміміз брендке айналып жатыр. Сол секілді біз ұлттық өнерімізді де бренд дәрежесіне көтеретін болсақ, адамдар өздері де соған тартылады. Біз кез-келген өнерді шыңдай арқылы адамдарды соған тарта аламыз.

РКС: Арман Бердалин айтыс өнерінен біршама қол үзгенімен, тыңдарманынан алыстамаған тұлға. Олардың қатарында 11 сынып оқушысы Аружан Исламбекова бар. Ол бала кезінен ақынның шығармаларын бойына сіңіріп келе жатқан жас.

СНХ: АРУЖАН ИСЛАМБЕКОВА, АБАЙ АТЫНДАҒЫ №3 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Арман Бердалиннің туындысы, әрбір айтқан ой-пікірі адам баласын терең ойландырады. Себебі, Арман Бердалиннің жазған туындыларда өзекті мәселелер көтеріледі. Шынымен де, егер әрбір оқушы Арман Бердалиннің өлеңдерін күніне бір рет болсын оқыса, оның бойындағы ақылы, бойындағы тәлім-тәрбиесі ұлғая түседі деп ойлаймын. Қазақта жақсы сөз бар ғой "Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы". Сондықтан да Арман Бердалиннің бойынан біз ақылды ғана емес, сол бір тәрбиені, сол бір білімге деген құштарлықты да байқай аламыз. Ол кісінің әрбір өлеңі мен үшін Абай Құнанбаевтың өлеңдерімен пара-пар болып келеді. Сондықтан да, ол кісінің әрбір өлеңі мен үшін ерекше орында.

РКС: Кездесу барысында оқушылар ақынның жеке өмірімен де, баға жетпес өнерімен де танысты. Бұл шара Арқаның айтыскер ақынына да ерекше бір естелік қалдырса керек. Кездесу соңында Арман Бердалин күмбірлеген қара домбырасымен білім ошағының қабырғасында тәлім-тәрбие алып жүрген балғындарға жыр арнады.

ИНТЕРШУМ:

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ