ДИКТОР: Ядролық энергетика саласының сарапшылары атом электр станциясы құрылысы жөніндегі облыстық халықтық штаб мүшелеріне оқыту курсын өткізіп жатыр. Тыңдаушыларға атом электр станциясының басымдықтары мен орын алуы мүмкін қаупі туралы толық ақпарат берілді.

 РКС: Мамандардың айтуынша, елімізде генерацияның барлық түрін, оның ішінде атом электр станциясын дамыту қажет. Бүкіл әлем көміртегінің бейтараптығына ұмтылып жатыр. Осы тұрғыда атом электр станциясының қоршаған ортаға шығаратын зиянды қалдықтары жоқ. Сондықтан ол электр энергиясының нағыз сенімді көзіне айналмақ,-дейді сарапшылар.

СНХ:ДЕНИС ЗАРВА, ҚР ҰЛТТЫҚ ЯДРОЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАС ИНЖЕНЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Егер жылу энергетикасымен салыстырсақ, мұнда шығарындылар түріндегі зиянды әсерінің барлық факторын алып тастаймыз. Көміртегі газынан бөлек Менделеев кестесіндегі барлық жанғыш өнімнің бәрі ауаға тарайды. Мысалы, ірі жылу станциясының маңында радиоактивті фон 5 есе жоғары болуы мүмкін екенін бәрі біле бермейді. Ал атом электр станциясының айналасында табиғи фон, яғни ауа ластанбайды.

РКС: Мамандардың айтуынша, атом электр станциясын салу үшін қарастырылып жатқан технологиялар мейлінше қауіпсіз. Себебі 3 және 3+ буыны реакторларын пайдалану жоспарланып отыр. Оларда активті және пассивті қауіпсіздік жүйелері бар. Апат болған жағдайдың өзінде нақты және физикалық кедергілер радиоактивті заттардың шығуына жол бермейді. Оқыту курсы барысында облыстық халықтық штабының мүшелері тұрғындар арасында атом электр станциясына қатысты туындаған сұрақтарды ортаға салды.

СНХ:АЛМАТ ТҮКМАҒАНБЕТОВ, АЭС ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕСІ: Тұрғындардан атом электр станциясы құрылысының еліміз үшін экономикалық тиімділігі қандай деген сұрақтар көп қойылады. Сондай-ақ, тұрғындар үшін тарифтердің көтерілуі, ол әр тұтынушыға әсер ете ме? деген сауалдар мазалайды. Экологиялық жағынан тиімділігі мен қауіпсіздігіне қатысты сұрақтар да жиі қойылады. Сондықтан, біз бүгін осы сұрақтарға жауап алдық.

РКС:Атом станциялары үшін уран қолданылады. Сондықтан, елімізде уран өнеркәсібінде атом электр станциясын салу қажет. Уран өндіру бойынша Қазақстан әлемде бірінші орында. Және қор жағынан келсек, екінші сатыға көтерілген.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ