ДИКТОР: Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледждінің белсенді жастары өңірдің өзге оқу орындарына ерекше челлендж жолдады. Яғни әр білім ошағында аптасына бір рет мемлекеттік Әнұран шырқалып, еліміздің рәмізіне құрмет көрсетілуі шарт.
ЕСТ.ШУМ:
РКС: "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Мақсаты жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу. Аталған бағдарламаның бірнеше бағыты бар. Оның бірі жастарды отаншыл, намысшыл, мемлекеттік рәміздерді қадірлейтін, ел тарихын құрметтейтін болашақ ұрпақты тәрбиелеу.
СНХ: МАРАТБЕК АЗАМАТ, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДІНІҢ СТУДЕНТІ: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне оның ішінде әнұранға құрмет көрсетуді біздің колледжімізде дәстүрге айналған. Атап айтсақ әр дүйсенбі күні таңғы және түскі ауысымда колледж ұжымының тыңдаушылары мемлекеттік әнұранымызды орындайды. "Бұртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында іске асатын "Менің Қазақстаным" жобасында да әр аптаның бірінші күнін әнұранға құрмет көрсетуге арнаймыз. Біз бұл челленджді Ақмола облысының барлық білім беру ұйымдарына жолдаймыз. Барлық оқу орындары әнұранды бірдей орындаса дейміз.