ДИКТОР: Жыл басынан бері облыстық экономикалық тергеу департаменті қаржы және экономика салаларында 19 құқық бұзушылықты анықтады. Оның 14-і ауыр қылмыстар санатына жатады.

РКС: Биыл Бестөбе ауылында алтынды заңсыз өндіру, сатып алу және өңдеумен айналысатындардың бәрін анықтауға қатысты жұмыс жандандырылды.

СНХ: НҰРЖАН ШАХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Бағалы металдардың заңсыз айналымы, заңсыз кәсіпкерлік қызмет пен қылмыстық жолмен алынған мүлікті жария ету фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай 2 тізілімі бойынша істер тіркелген. Сотқа Бестөбе ауылының тұрғындарынан алтынды заңсыз сатып алған, олардан зергерлік бұйымдар жасаған және оларды сауда үйлеріндегі алтын сататын бөлімдерге жалған таңбамен сатқан екі топқа қатысты қылмыстық іс жіберілді. Біздің өңірде құқық бұзушылықтың осы түрін анықтау республика бойынша бағалы металдардың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі жобаны іске асыруға ықпал етті.

РКС: Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында облыс аумағында цифрлық активтерді өндіруге қатысты заңсыз майнингтік қызметпен айналысатын азаматтар анықталды.

СНХ: НҰРЖАН ШАХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: "Спорт" жедел-алдын алу шараларын өткізу шеңберінде 4 материал, оның ішінде 2 іс облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысына қатысты пара алу фактілері бойынша тіркелді. Бір қылмыстық іс сотқа жіберілді, екіншісі өндірісте.

РКС: Аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына мониторинг жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, облыстағы көлеңкелі экономика деңгейіне әсер ететін себептерді анықтауға қатысты да шаралар жүзеге асырылуда.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, КӨКШЕ АҚПАРАТ