ДИКТОР: Облыс әкімі Марат Ахметжанов жеке мәселелерімен шағымданған ақмолалықтарды қабылдады. Баспана, жер және коммуналдық инфрақұрылымға байланысты даулы мәселелеріне төрелік іздеген тұрғындарға әкім не деп жауап берді? Әріптесім Лаура Дәулетбек баяндайды.

РКС: Аймақ басшысының қабылдауына келген Бақыт Нұржанова жер мәселесін көтергендердің қатырында. Ол Көкшетаудағы Жеңіс көшесіндегі 106 және 108 жекеменшік үйлері арасында арнайы шекараның жоқтығына наразы.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Ал, Ерсайын Жақыпов 3 айға жуық жарықсыз отыр. Ол өз бетінше үйіне қосымша жарық есептегішін орнатып, тіркемеген. Салдарынан, ондағы көрсеткіш есепке алынбай, жарықсыз қалып қойған. Ерсайын Балғожанұлы "Көкшетау Энерго" мекемесіне шағымданып, сотқа талап-арыз жіберген. Бүгінгі таңда іс әлі де жалғасуда.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Өңір басшысының қабылдауына келген азаматтардың арыз-шағымдары жауапты органдарға жіберілді. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов жауапты сала мамандарына жедел түрде тиісті шараларды қабылдауды міндеттеді.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ