ДИКТОР: Атом электр станциясы құрылысы жөніндегі облыстық халықтық штабының мүшелері жергілікті тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Бұл жолы штаб мүшелері Көкшетаудағы №2 мектеп-лицейінің ұжымымен кездесті. Олар еліміздегі атом энергетикасының дамуы және атом электр станциясын салудың артықшылықтары туралы баяндады.

РКС: Штаб өкілдері елімізде атом энергетикасын дамытудың қаншалықты маңызды екенін презентациялық материал арқылы көрнекі және тереңірек түсіндіруді жөн санапты. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында генерацияның бұл түрі экономиканың тез артып отырған қажеттіліктерін мейлінше қанағаттандыруға ықпал ететінін атап өтті. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр станциясы жұмыс істеп тұр.

СНХ: МАРАТ ЫБЫРАЕВ, АЭС ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБТЫҢ МҮШЕСІ: АҚШ-та атом раекторларының саны 100-ге жуық, Қытайда 56, Ресейде 36. Ал Чехияда 6 реактор болса, Белгияда 5, Венгрияда 4 реактор жұмыс істеп тұр.

РКС: Қазақстан атом электр станциясын өзге елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, озық технологиялардың негізінде салуы тиіс,-дейді кездесуге қатысушылар. Ол өндірілетін «жасыл энергияның» үлесін арттыруға мүмкіндік бермек. Өйткені, атом электр станциясынан шығатын зиянды қалдықтар мүлдем жоқ деуге болады.

СНХ: АЙБЕК ӘБИЕВ, №2 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Жалпы АЭС-тің жақсы жақтары және қандай қауіп төндіруі мүмкін, елге, халыққа. Көптеген бізді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап алдым және менімен қатысқан мұғалімдерде соған жауап алды деп ойлаймын. Бәрі өте түсінікті болды. Керекті ақпараттар керекті сұрақтарға жауаптар бәрін алдық. Алдағы уақытта халық сол барлық ақпараттарды өзіне түсініп, дұрыс шешім қабылдайды деген ойдамын.

РКС: Қараша халықты ең алдымен атом электр станциясының қауіпсіздігі толғандырады. Орын алуы мүмкін апатты жағдайдың бәрі жобалау кезінде қалыпқа келтіріледі. Мұндай жағдай 10 миллион жылда бір рет орын алу мүмкін деген болжам бар.

САБИНА ЖАМШИТОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ