ДИКТОР: Елімізде "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылдың соңына дейін заманауи үлгідегі 217 мектеп пайдалануға беріледі деп күтілуде. Үкімет пен әкімдер бұл шаруаға белсене атсалысуға тиіс. Осылай деген Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттар да ортақ істен шет қалмайды деп сенеді.

РКС: Ел президенті халыққа арнаған Жолдауында білім беру саласын ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және әлеуметтік мәртебесін көтеру күн тәртібінен түскен жоқ. Биылғы жылы да білім саласын дамыту туралы бірқатар тапсырмалар берілді.

СНХ: ДАМИР СҰРАҒАНОВ, ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДАҒЫ №7 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Мемлекет басшысы ауыл мен қала мектептері арасындағы мектептердің жағдайының әртүрлі екенін ол кісінің көзі жетіп отыр. Алдағы 3 жылда Қазақстандағы 1300 мектепті түбегейлі жөндеуден өткізу керек деді. Шынымен де сапалы білім алу үшін мектептің жағдайы, балаларға жағдай жасау ол үлкен маңызды. Сонымен қатар жайлы мектептердің салынуы білім саласында үлкен үдерістің болатынына көзіміз жетіп отыр.

РКС: Ұстаздар - ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады. Үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да ұстаз білікті болмаса, оның бәрі бекер. Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарына талапты, қабілетті жастарды қабылдауға баса мән беру керек,- деді Президент.

СНХ: АЛТЫНБЕК ДАҒЫСТАНҰЛЫ, ҰРЫМҚАЙ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Білім саласының қызметкері ретінде осының ішінде мұғалімдердің мәртебесі туралы өзіме қатты ұнады. Болашақта да мұғалімдерге осындай қолдау, құрмет көрсетілсе деген ойдамын.

РКС: Саяси маңызы зор құжатта баланы мектепке дайындау мәселесі де айтылды. Бұл істе мемлекет пен ата-аналар да жауапты. Сондықтан мектепке дейінгі білім беру саласында әр балаға бөлінетін қаражат отбасының нақты табысына байланысты болуы керек делінді.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛ, КӨКШЕ АҚПАРАТ