ДИКТОР: Күні кеше еліміз Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығын барлық сән-салтанатымен атап өтті. Көкшетауда өткен мерекелік концерт – соның айғағы. Тілшіміз Нұрсәуле Мұратқызы баяндайды.
STAND-UP: НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ТІЛШІ: 30 жылдық Конституция мерекесі өнер арқылы ерекше тойланды. «Жігіттер» тобының шырқаған әндері – елдің бірлігін, заң салтанатын айшықтаған әсем үнге айналды.
РКС: Кеш барысында ән де, күй де орындалып, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйланды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Кештің басты қонақтарының бірі – қалың көпшілік сүйіп тыңдайтын «Жігіттер» тобы. Әнші жігіттер Конституция мерекесіне арнап репертуарларынан халыққа кеңінен танымал әндерін тарту етті.
СНХ: ЕЛДОС ҚАНАЕВ, «ЖІГІТТЕР» КВАРТЕТІНІҢ ӘНШІСІ: Конституциямыздың 30 жылдығына өзіміздің өнерімізбен осы Көкше өңіріне, Көкшетау жұртымен жұртымен кездескенімізге өте қатты қуаныштымыз. Бұл біздің үлкен құндылығымыз Ата заң деген. Осы құндылықты дәріптеп жатқан ел басшыларына, осыны түсініп келіп жатқан халқымызға көп-көп рахмет айтамыз. Көңіл-күй өте керемет, өте тамаша! Өте қуаныштымыз! Көкше халқына жақсылық тілейміз. Бұл елге бейбіт, бақыт өмір берсін. Әр отбасына аналарымыздың түн ұйқысы тыныш болып, балалардың күлкісі көп болсын тілейміз!
РКС: Мерекелік кешке жиналған жұртшылық ән мен жырға бөленіп, елдің басты құжаты – Конституцияның қоғамдағы рөлін тағы бір мәрте айшықтады.
СНХ: БАҚЫТ ЖЕТПІСОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бүгін барша халықты Конституцияның 30 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Бүгін міне Көкшетауда «Жігіттер» тобының концертін тамашалап өте көтеріңкі көңіл-күйде жүрміз.Көп рахмет!
СНХ: ӘЙГЕРІМ ҚАЛЫШЫНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бүкіл көкшетаулықтарды Конституция осы Ата заң күнімен құттықтаймын. Баршаңызға тек қана молшылық, табыс,зор денсаулық, еліміз тыныш аман болсын!
РКС:«Бірлік пен заң салтанаты» атты концерт – ел бірлігі мен заңның үстемдігін паш еткен ерекше мерекелік кеш болды. Бұл шара – тәуелсіздіктің тірегі, әділеттің айнасы болған Ата Заңымызға деген халықтың шынайы құрметінің белгісі.
ИНТЕРШУМ:
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ