ДИКТОР:Биыл өңірде бес жаңа мектеп пайдалануға берілді. Солардың бірі – Бестөбе кентіндегі №1 орта мектеп. Бүгін облыс әкімі Марат Ахметжанов алғашқы қоңырау мерекесіне қатысты. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.

ИНТЕРШУМ:

РКС:Бестөбе кентінде ашылған бұл жаңа қазақ мектебі 300 орынға шақталған. Бірақ биыл 445 бала білім алмақ. Сол себепті мектепте 24 сынып-жиынтық жасақталып, оқу үдерісі екі ауысымда жүргізіледі. Салтанатты шара барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жиналған қауымды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім алушыларға сәттілік тіледі.

СНХ:МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл – еліміздің болашағын қалыптастыратын жас ұрпақтың жаңа өмір кезеңіне қадам басып, білім мен ғылымға апарар ұлы сапарды бастайтын маңызды күн. Бүгін жаңа мектептің ашылуы – біз үшін маңызды оқиға. Бұл – жас ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайтып,ғылыми-техникалық, гуманитарлық, математикалық әлеуетін дамытуға зор ықпал етеді.Сонымен қатар дарынды балалардың зияткерлік қажеттіліктерін іске асыруға септігін тигізеді.

РКС: Екі қабатты жаңа мектеп ғимараты кең әрі заманауи талаптарға сай жобаланған. Білім ордасында пәндік 28 кабинет, спорт зал, асхана және медициналық кабинет қарастырылған. Барлық оқу бөлмесі заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылған. Жаңа оқу жылында бұл мектепте 37 білікті педагог білім береді.

СНХ: АЛТЫН ОСПАНОВА, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: 3 сынып, яғни 56 бірінші сынып оқушысы келіп отыр. Сондықтан 2 қабатты мектеп бүгінгі күні 100 пайыз дайын. Әр бір кабинетте заманауи технологиямен жабдықталған. Жаңа модификация кабинеттері де бар. Жаңа үлгідегі спорттық залы де бар. Бүгінгі күні біздің Степногорск өңіріндегі ең үлкен спортзал деп танылып отыр. Сонымен қатар 66 орындық асханасы да бар. Осы 2025-2026 оқу жылына барлық оқушыларды қабылдауға дайын.

СНХ: САЛТАНАТ ШӘКІРОВА, БЕСТӨБЕ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:/ Қазақ мектебінде 4 балам оқыды.Қазір 10-шы сыныпта ұлым оқиды. 0 сыныпқа немерем барайын деп отыр. Өте қуаныштымын жаңа мектеп салғанына. білімді, жолдары қашан да ашық болсын.

РКС: Айта кетейік, соңғы үш жылда өңірде 26 жаңа білім беру нысаны пайдалануға берілді. Биылдың өзінде Ақмола облысында жаңа 5 мектеп ашылды. Бұған қоса, облыс бойынша 20 мектеп күрделі жөндеуден өтті.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ