ДИКТОР: «АМАНАТ» партиясының облыстық филиалында Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауын талқылады. Бас қосуға мәслихат депутаттары, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Жиында кәсіпкерліктің дамуы, халықты әлеуметтік қорғауды жақсарту, денсаулық сақтау тағы басқа тақырыптар талқыланды.
РЗК: Жиын барысында Жолдаудың әлеуметтік-экономикалық дамуға қатысты түйінді тұстары талқыланды. Қатысушылар жергілікті тұрғындармен және кәсіпкерлермен қарым-қатынасты жақсарту бойынша жұмыстарды күшейту қажеттігін атап өтті.
СНХ: УМАР ШОНАЗАРОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ: Мемлекет басшысы жолдауының басты мақсаты – өз мүмкіндігіңмен өмір сүру. Мемлекетіміздің экономикасының көптеген негізгі аспектілері қозғалып, жалпы экономикалық бағытты одан әрі жаңғырту және мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саяси бағыты туралы айтты. Салық кодексі, сондай-ақ шағын және орта бизнестің үлесін арттыру сияқты тақырыптарды қозғады. Көріп отырғанымыздай, соңғы үш жылда бұл салада іс жүзінде ешқандай даму болған жоқ.
РКС: Жолдаудың алтыншы бағытында ұлт денсаулығын нығайту бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру және азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйесін қайта жандандыру қажеттігі айтылды. Кездесуде денсаулық сақтау саласындағы мәселелер талқыланды.
СНХ: НҰРЛАН ЖАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТАҒЫ «АMANAT» ПАРТИЯСЫ ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Президент денсаулық сақтау саласының мәселелеріне де тоқталды. Жолдауды біз медицина қызметкерлері ретінде зор ықыласпен тыңдадық. Әрине, жүйелі сипаттағы өзекті мәселелер бар, оларды шешу денсаулық сақтау жүйесіне, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға оң әсер етуі керек.
РКС: Кездесуге жиналғандар Президент жолдауында дамудың нақты бағыты көрсетілген, партия мүшелері бұл тапсырмалардың жергілікті деңгейде жүзеге асуына өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін жеткізді.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.