ДИКТОР: Күз Ақмола өңірі үшін жақсы жаңалықпен басталды. Жерлесіміз Еркін Ғаббасов XVII Жазғы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. Ол R1 классында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түсіп, 247,7 ұпай жинады. Осылайша, ол ел қоржынына алғаш рет күміс жүлде салды. Ақмолалық спортшы елге оралды. Жақындары мен жанкүйерлері оны Астана әуежайында қарсы алды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: XVII Жазғы Паралимпиада ойындарына дейін, Еркін Оңтүстік Кореяда өткен пара атудан алтын иеленді. Сондай-ақ, Нью-Делиде өткен әлем чемпионатында екінші орынды еншіледі. Еркін Ғаббасовтың жан жары жарыстарға бірге барып, әрдайым қолдау көрсетуде.

СНХ: ЕРКІН ҒАББАСОВ, XVII ЖАЗҒЫ ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛГЕРІ: Әрқашанда бірге жүреді қасымда. Демеушім, қолдаушым. Барым сол. Енді мақсат, жоспар алтын алу керек. Чжонгоуды жеңу керек маған. Жеңісімді өзімнің әкеме арнаймын дегенмін. Ол кісі көре алмай кетті. Енді міне анам қасымда, сол кісіге арнаймын. Қазақ еліне арнаймын. Финалға кірген топтарда жаңадан келген кісі жоқ. Жаңадан мен ғана келдім осы Индиядан бастап. Барлығы 4 жылдың ішінде іріктеліп алынған жігіттер.

РКС: Айта кетейік, Еркін Ғаббасов 1983 жылы Зеренді ауданына қарасты Қараөзек ауылында дүниеге келген. 2014 жылдан бастап Көкшетау қалалық халыққа қызмет көрсету орталығының мамандандырылған бөлімінде жұмыс істейді. 10 жыл ішінде ол өзін білікті маман ретінде көрсете білді. Біз әріптесімізбен мақтанамыз,-дейді әріптестері.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ