ДИКТОР: Ақмола облысы бойынша мектеп оқушыларын медициналық тексеруден өткізудің қорытындысына сәйкес 6 айда 2 мыңнан астам балада түрлі сырқат анықталды. Оның ішінде 270-інде сколиоз пайда болған. Бұл көрсеткіштер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 90 жағдайға артық.
РКС: Тірек-қимыл аппаратының аурулары мектеп оқушыларында жиі кездесетін құбылысқа айналып отыр. Оқу кезеңінде балалардың омыртқасының қисаюы 5 есеге дейін артқан. Себебі оқушылар партада дұрыс отырмайды.
СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Мектептегі оқушылардың арасында бұл сырқат дендеп барады. 19 проценті бастауыш сынып оқушыларында. Орта буындағы сынып оқышалырынң 61 проценті сколиозға шалдыққан. Өткен жылымен салыстырғанда өсім екі есе. Сондықтан үйде баланығ жұмыс орнын жабдықтау маңызды. Өйткені, үй тапсырмасын орындау кезінде барлық талап сақталуы тиіс.
РКС: Оқушының мектеп сөмкесіне баса назар аудару қажет. Оның сапасы баланың денсаулығы мен қауіпсіздігіне әсер етеді. Мамандар ауыр сөмкелерді арқаға асып алу дене бітімінің бұзылуына әкеліп соқтыратынын айтады.
СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: "Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне сәйкес балаға арналған бұйымда таңбалау болуы керек. Ол нақты, тексерілетін, оқылатын және қол жетімді болуы шарт. Таңбалауда пайдаланушының жасы туралы ақпарат болуы тиіс. Мысалы: "мектеп", жасы: 6+ және тағысын тағылар. Сөмкелердің салмағы бастауыш сынып оқушылары үшін – 700 г-нан, ал орта және жоғары сынып оқушылары үшін – 1 келіден аспауы керек.
РКС: Мамандар балаларды жастайынан спортпен шұғылдануға баулу қажеттігін ескертеді. Кез келген физикалық белсенділік өсіп келе жатқан тірек-қимыл аппаратының, бұлшық еттері мен ішкі ағзаларының дамуына оң әсер етеді. Барлық аурудың алдын алу ерте жастан тиімді екенін есте сақтаған жөн.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ