ДИКТОР: Еліміздің әрбір азаматы Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті. Түрлі себептермен әскерге бара алмай қалған азаматтар 1 жылдың бағдарламасын 40 күнде үйрететін әскери техникалық мектептен дайындықтан өтеді. Айта кетейік, еліміз бойынша Қорғаныс Министрлігі жанындағы әскери-техникалық мектептің 15 филиалы бар. Соның бірі Щучинск филиалы. Аталған мектепте 40 күн бойы әскери өмірдің қыр-сырын меңгерген сарбаздар салтанатты түрде ант берді.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Бұл жолы 50-ге тарта сарбаз ант берді. Солардың қатарында Мадияр Рамазан да бар. Отанына адал, әрі кез келген қиындыққа төтеп беруге дайын екеніне серт беру рәсімі ер азаматтың өмірінде бір-ақ рет болатын құбылыс.
СНХ: МАДИЯР РАМАЗАН, САРБАЗ: Жалпы бөлек сезім, себебі толғанышты болдым. Негізі айтқанда, ант қабылдау рәсімі, жылына, өмірде бір рет ғана болатын нәрсе. Сол жалпы осы 40 күннің ішінде біраз тәжірибе үйрендім, өзімнің ұстаз, оқытушыларыма үлкен алғысымды айтқым келеді. Әскердегі болатын бүкіл затты 40 күннің ішінде барлығын үйретіп берді, түсінікті тілде жеткіздіре алды. Сол үшін үлкен алғысымды айтқым келеді.
РКС: Сарбаздар бір айдан астам полигонда түрлі тактикаларды меңгерді. Қолына қару ұстап, одан оқ атуды да білікті әскери мамандар үйретті. 40 күндік оқудың негізгі мақсаты-Қазақстан қарулы күштеріне әскери техникалық мамандар дайындау. Айта кетейік, ақылы түрдегі әскери дайындықтан жасы 24 пен 27 аралығындағы денсаулығы жарамды, әскери міндетін атқаруды кейінге шегеру құқығына ие жігіттер ғана өте алады. Салтанатты ант беру рәсімінен кейін сарбаздар Отан үшін кеудесін оққа тосқан майдангерлер рухына тағзым етіп, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
САБИНА ЖАМШИТОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ