ДИКТОР: Әділет министрлігінің ұлттық зияткерлік меншік институты «Гормолзавод» серіктестігі өндіретін балмұздақ өніміне географиялық белгімен куәлік берді. Енді "Көкшетау балмұздағы" бірегей куәлікпен ресми түрде патенттелген.
РКС: Мұндай шешім отандық кәсіпкерлердің белгілі бір тауарды басқа елге жеткізу кезінде қиындықтарға тап болуына байланысты қабылданды. Тауардың шын мәнінде қазақстандық өнім екенін дәлелдеу қиындық тудырған. Осыған орай кәсіпкерлер тауарын төмендетілген бағамен сатқан.
СНХ: САМАТ САЙДАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі "тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Енді Заң бойынша еліміздің тауар өндірушілері өз өнімін географиялық нұсқама ретінде тіркеп, куәлік алуға толық құқылы.
РКС: Ақмола облысында алғаш рет «Гормолзавод» серіктестігі балмұздақ өнімін географиялық белгімен тіркеген. Алдағы уақытта май, ұлттық ашытылған сүт өнімдеріне де аталған сапа куәлігін алуды жоспарлап отыр.
РКС: САЯТ ҮРТЕМІШЕВ, "ГОРМОЛЗАВОД" СЕРІКТЕСТІГІ ҚҰҚЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Заң бойынша тауар өнімін 198 елде географиялық белгімен тіркеуге болады. Сондай-ақ, отандық және шетелдік тауар өндірушілердің ешқайсысы өз өнімін "Көкшетау майы", "Көкшетау балмұздағы" деген атаумен шығара алмайды.
РКС: Осылайша, географиялық белгі Қазақстанның әр өңірінде өндірілетін тауарларға ұлттық брендті дамыту, әлемдік нарықта танымалдығын арттыру, сондай-ақ туристік саланы дамытуға барынша ықпал етпек.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ